"ПетроКазахстан Ойл Продактс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне қоғамдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 6670 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 72 бабына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, 2025 жылғы 17 қарашадағы № Б-73-Ө бұйрығымен Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы бекіткен жерге орналастыру жобасы және заңды тұлғаның 2025 жылғы 27 қарашадағы № ЗТ-2025-04200927 санды өтініші негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "ПетроКазахстан Ойл Продактс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жұлдыз тұрғын алабы, 264 орам мекенжайында орналасқан электр желілерін пайдалану және орнату үшін алаңы 6,0550 га жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2030 жылдың 2 желтоқсанына дейін қоғамдық сервитут белгіленсін.

      "ПетроКазахстан Ойл Продактс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 10 жұмыс күн мерзім ішінде 2025-2026 жылдарға арналған сервитут құны 416584 (төрт жүз он алты мың бес жүз сексен төрт) теңгені жыл сайын өзгерістерге сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік кірістер басқармасының 201910 есеп шотына аударсын.

      2. "Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын жетекшілік ететін қала әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков

  Шымкент қаласы әкімдігінің
"___"________ жылғы №____ қаулысының
1-қосымшасына сәйкес

"ПетроКазахстан Ойл Продактс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қоғамдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

р/с №

Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы, кадастрлық нөмірі

Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар

Оның ішінде

ауылшаруашылығы алқаптары, жайылым, гектар

Елді мекен жерлері, гектар

1.

ТОО "HILL Invest" 19-309-264-356

41,8786

1,3963

1,3963

2.

ТОО "ПетроКазахстан Ойл Продактс" 22-329-040-459

392,3700

1,2849

1,5849

3.

ТОО "HILL Invest" 19-309-264-357

8,6745

0,6829

0,6829

4.

ТОО "HILL Invest" 19-309-264-355

4,1500

0,8494

0,8494

5.

Файзуллаев Хайрулла 19-309-264-625

5,1000

1,2261

1,2261


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады