Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 1551 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізіліп, жаңа редакцияда бекітілсін:
25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"25) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекітуді қамтамасыз етеді;";
мынадай мазмұндағы 59), 60) және 61) тармақшалармен толықтырылсын:
"59) қаланың аумағында стационарлық емес объектілер мен стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау қағидаларын, олардың орнатылу, жұмыс істеу және бөлшектелу тәртібін әзірлейді және бекітуді қамтамасыз етеді;
60) мүдделі орталық уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша жеке және заңды тұлғалардың қаланың аумағында сауда, ойын-сауық, қонақүй, медициналық және өзге де қызметтер көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітуді қамтамасыз етеді;
61) ішкі сауданы дамытуға бағытталған іс-шараларды жергілікті атқарушы орган бекіткен халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін ескере отырып әзірлейді.".
2. "Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкiмiнің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шымкент қаласының әкімі | Ғ. Сыздықбеков |
| Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы "28" қазандағы № 5915 қаулысына қосымша |
"Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген өзгерістердің мәтіні
"Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізіліп, жаңа редакцияда бекітілсін:
15-тармақта: