Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 1509 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге мынадай толықтырулар енгізіліп, жаңа редакцияда бекітілсін:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2) және 40-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"9-1) әлеуметтік қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсетеді;
9-2) өңірлік келісімдерді тіркеуді жүзеге асырады;";
"40-1) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына сәйкес Шымкент қаласында көші-қон процестерін реттеу қағидаларын әзірлейді;";
2. "Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастыруды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Шымкент қаласының әкімі | Ғ. Сыздықбеков |
