"Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 5552 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес және "Шымкент қаласының басқару схемасы туралы" 2018 жылғы 22 маусымдағы № 31/252-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № 29/259-VIII шешімі негізінде Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атауы "Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасы" мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

      2. "Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      3. "Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мирасқоры болып берілетін функциялар мен өкілеттіктер шегінде "Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасы" мемлекеттік мекемесі айқындалсын.

      4. "Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастыруды;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "9" қазандағы
№ 5552 қаулысына
1 - қосымша

"Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Шымкент қаласының Жастар саясаты басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Шымкент қаласының аумағында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат шағын ауданы, "Nursultan Nazarbaev" даңғылы 10, индекс 160023.

      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Басқармада кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

      2) жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту;

      3) азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту;

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      1.1) мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдар мен олардың басшыларынан, азаматтардан берілген тапсырмаларды орындау үшін қажетті ақпаратты белгіленген тәртіпте сұрату және алу;

      1.2) жергілікті атқарушы биліктің өзге органдарының мамандарымен бірлескен қызметті жүзеге асыру;

      1.3) ведомстволық бағынысты коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

      1.4) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте мәжілістер шақыру;

      1.5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      2.1) Шымкент қаласы әкімінің қарауына қаланы дамыту мақсаттары мен басымдылықтарын анықтау және оларды мемлекеттік басқару органдарының орындауын бақылауды ұсыну;

      2.2) нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Басқарма құзыретіне кіретін мәселелерді реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау;

      2.3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар қызметінің жастар саясаты саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеріс жүргізу;

      15. Функциялары:

      1) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;

      2) жергілікті мемлекеттік органдардың жастар саясаты саласындағы қызметін үйлестіру;

      3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;

      4) өзекті проблемаларды анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін жастардың қажеттіліктеріне мониторинг және бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;

      5) жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатын іске асыруды қамтамасыз ету, еңбек нарығы мен жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастыру;

      6) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдесу болып табылады;

      7) Жастар ресурстық орталықтарын құру, олардың қызметін қамтамасыз ету және үйлестіру;

      8) өңірлік жастар форумын өткізуді қамтамасыз ету;

      9) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      10) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпте Шымкент қаласы аумағында жастар саясаты аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және оны іске асыру;

      11) жастар мәселелері бойынша қалалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      12) Басқарма құзыреті шеңберінде мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      13) жастар саясаты саласында бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын жүзеге асыру;

      14) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі.

      16. Басқармада басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Басқарма бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) қызметкерлердің белгіленген саны шегінде Басқарманың құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстарды ұсынады;

      2) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      3) Басқарманың құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттерін анықтайды және жауапкершілік деңгейін белгілейді;

      4) Басқарма қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

      5) Басқарма қызметкерлеріне, ведомстволық бағынысты мекемелер мен ұйымдардың басшыларына тәртіптік жазалар қолданады;

      6) өз құзыреті шегінде Басқарманың қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

      8) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға немесе өкілеттігін құрылымдық бөлімшелер басшыларына тапсыруға құқылы;

      9) дербес жауапкершілікті белгілеумен Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасайды;

      10) оның құзыретіне жататын өзге де мәселер бойынша шешім қабылдайды.

      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде Басқармада оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      20. Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Басқармада бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Басқармада қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Басқарма қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасының "Жастар ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады