Шымкент қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 28 қарашадағы № 6543 бірлескен қаулысы және Шымкент қаласы мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы № 30/272-VIII шешімі

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласы халқының пікірін ескере отырып, Шымкент қаласының ономастика комиссиясының 2025 жылғы 29 мамырдағы және Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 10 қыркүйектегі қорытындыларының негізінде Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мынадай атаулар берілсін:

      Шымкент қаласының Абай ауданы бойынша:

      Ақжайық шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге – Көкиірім көшесі;

      Ынтымақ шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге – Төрткөл көшесі;

      Ынтымақ шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге – Мұқаш Беков көшесі;

      Асар-2 шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге – Бұхарбай Испанқұлов көшесі;

      Ынтымақ-2 шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге – Әбдумәлік Бейсеев көшесі;

      Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы бойынша:

      аудан орталығындағы атауы жоқ аллеяға – Ардагерлер аллеясы;

      Шымкент қаласының Қаратау ауданы бойынша:

      Сайрам тұрғын алабындағы атауы жоқ көшеге – Асан Әуелбаев көшесі;

      Сайрам тұрғын алабындағы атауы жоқ көшеге – Разия Ысқақова көшесі;

      Сайрам тұрғын алабындағы атауы жоқ көшеге – Қожамқұл Бердіқұлов көшесі;

      Сайрам тұрғын алабындағы атауы жоқ көшеге – Риза Набиев көшесі;

      Сайрам тұрғын алабындағы атауы жоқ көшеге – Мамырбек Кемелов көшесі;

      Сайрам тұрғын алабындағы атауы жоқ көшеге – Сейсенбек Ималақ көшесі.

      2. Мыналар қайта аталсын:

      Шымкент қаласының Абай ауданы бойынша:

      Қатынкөпір шағын ауданындағы Ирисмет ата көшесі – Төртарал көшесі;

      Қатынкөпір шағын ауданындағы Жас Гвардия көшесі – Жаңакөл көшесі;

      Тұрлан шағын ауданындағы Вишневая көшесі – Байтемір көшесі;

      Тұрлан шағын ауданындағы Цветочная көшесі – Жасыл дала көшесі;

      Қызылжар тұрғын алабындағы Ленин көшесі – Диқаншы көшесі;

      Жайлау шағын ауданындағы Қажымұқан көшесі – Көкжайлау көшесі;

      Шымкент қаласының Еңбекші ауданы бойынша:

      Бадам-1 тұрғын алабындағы № 2 Досметов көшесі – Тасауыл көшесі;

      Бадам-1 тұрғын алабындағы № 3 Досметов көшесі – Көлтөбе көшесі болып.

      3. "Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен осы бірлескен Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы мен Шымкент қаласы мәслихатының шешімін жүзеге асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      4. Осы бірлескен Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы мен Шымкент қаласы мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы А. Кәрімов
      Шымкент қаласы
      мәслихатының төрағасы Б. Нарымбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады