"Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 511 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 796 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 511 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен айқындалған Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет аймақтарында:

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Қазақстан Республикасы Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылдық округі, Алматы-Жетіген автотрассасы 41 километр, 204а құрылыс, кадастрлық нөмірі 03:046:221:715; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Іле ауданы Казциков ауылдық округінің КазЦик ауылы Бережинский Алексей Федорович көшесі 2а учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:046:310:015; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінің Көкөзек ауылы 060 есептік кварталы 653 учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:047:062:653; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округінің, Көкөзек ауылы, 156 учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:047:062:4491 жер учаскелерін қоспағанда әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде

      ";

      реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

19.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Алматы қаласының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылдық округі, Алматы-Жетіген автотрассасы 41 километр, 204а құрылыс, кадастрлық нөмірі 03:046:221:715; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Іле ауданы Казциков ауылдық округінің КазЦик ауылы Бережинский Алексей Федорович көшесі 2а учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:046:310:015; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Қарасай ауданы Елтай ауылдық округінің Көкөзек ауылы 060 есептік кварталы 653 учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:047:062:653; Қазақстан Республикасы Алматы облысының Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округінің, Көкөзек ауылы, 156 учаскесі, кадастрлық нөмірі 03:047:062:4491 жер учаскелерін қоспағанда әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады