"2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 қарашадағы № 727 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқару және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 272 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2025 қаржы жылына арналған бюджетті атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету қағидаларында:

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарына, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарына, қаржыландырудың жеке жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған жағдайларда, сондай-ақ бағамдық айырмашылықтың өзгеруіне байланысты үкіметтік борышты өтеу жөніндегі міндеттемелер өзгерген кезде, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлген кезде, республикалық және жергілікті бюджеттердің ай сайынғы түсімдері мен шығыстарын түзетуді және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларындағы және қаржыландырудың жеке жоспарларындағы бір бюджеттік бағдарламаның ішіндегі кіші бағдарлама мен шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері арасында соманы түзетуді талап ететін факторлар пайда болған кезде жүргізіледі.

      Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мемлекеттік қазынашылық, бюджетті орындау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты қалыптастыратын түсімдердің жиынтық жоспарына, төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл анықтамалар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларын өзгерту туралы, өзгерістердің есептері мен негіздемелері қоса берілген өтінімдердің, сондай-ақ бюджетке салық, кеден және басқа да міндетті төлемдердің орындалуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан түсім жоспарларын өзгерту туралы, есептері мен негіздемелері қоса берілген өтінімдердің негізінде жасалады. Осы ретте кірістер түсімдері жоспарларын өзгерту туралы өтінімдер ағымдағы айдың 25-інен кейінгі келесі жұмыс күні ұсынылады.

      Жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес жасалған және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қалыптастыратын жеке қаржыландыру жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы анықтамалар арқылы жүзеге асырылады. Анықтамалар мемлекеттік мекемелерден міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын өзгерту туралы, өзгерістердің есептері мен негіздемелері қоса берілген өтінімдердің (бұдан әрі – мемлекеттік мекеменің өтінімі) негізінде дайындалады.

      Өтінімдер мен анықтамалардағы өзгерістер сомасы мың теңгемен, үтірден кейін бір таңбадан аспайтын бөлшек сан түрінде көрсетіледі. Өтінімдер мен анықтамалар осы Қағидалардың 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41 және 42-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша жасалады.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалар бойынша ай сайынғы шығыстар көлеміне өзгерістер енгізу туралы өтінімі бағамдық айырмашылықтың өзгеруіне байланысты үкіметтік борышты өтеу жөніндегі міндеттемелер өзгеру жағдайларын қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі тарапынан мемлекеттік мекемелердің өтінімдеріне сәйкес, бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша көзделген сома шегінде қалыптастырылады.

      Жоғары тұрған бюджеттен алынатын трансферттер мен кредиттер бойынша төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтінім төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттің тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне береді, оның негізінде жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі осы тарауда белгіленген тәртіппен мемлекеттік қазынашылық жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға өтінім ұсынады.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Салықтық және бюджетке түсетін басқа да міндетті түсімдердің, салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомасының, қарыздардың бюджетке түсетін түсімдерінің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуді кредиттік шарттарға, қарыз шарттарына, борышты қайта құрылымдау келісіміне енгізілген өзгерістердің негізінде және осы Қағидалардың 32-тармағында белгіленген тәртіппен мемлекеттің қаржы активтерін сату жоспарын өзгертудің негізінде аталған түсімдер тізбесі бойынша оларға өзара қатынасы бар органдардың өтінімдері бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты жүзеге асырады.

      Ағымдағы қаржы жылына түсімдер болжамының жылдық сомаларын өзгерту, бағамдық айырмашылықтың өзгеруіне байланысты үкіметтік борышты өтеу жөніндегі міндеттемелер өзгеру жағдайларын қоспағанда, тек ағымдағы қаржылық жылға бюджетті нақтылау кезінде ғана рұқсат етіледі.

      Түсімдердің жиынтық жоспарына және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылардың, жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін бюджеттік кредиттерді өтеу сомасының жоғары тұрған бюджетке түсетін түсімдер жоспарына өзгерістер енгізуді төмен тұрған бюджеттер кірістерінің жоспарын асыра орындаудың, кредит шарттарының талаптарын өзгерту негізінде және жоғары тұрған бюджет түсімдерінің бірдей ай сайынғы сомасын және төмен тұрған бюджеттердің тиісті шығыстарының сомасын сақтап қалу мақсатында төмен тұрған бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының өтінімі бойынша жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.";

      159-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "159. Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының бюджетке түсетiн түсiмдер сыныптамасының кодтары бойынша түсiмдердiң артық (қате) төленген сомасын бюджеттен қайтаруды және (немесе) есептеудi мемлекеттік қазынашылық органдары жүзеге асырады.

      Түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтару және (немесе) есепке жатқызу мемлекеттік кірістер органдарының төлем тапсырмалары негізінде жүзеге асырылады.

      Түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын қайтару республикалық бюджеттің шығыстары бойынша барлық жоспарлы міндеттемелерді өткізгеннен кейін жүргізіледі.

      Түсiмдердiң бюджеттiк сыныптамасының кодтары арасында, мемлекеттік кірістер органдары арасында артық төленген немесе қате түскен сомаларды төлеушiлерге бюджеттен қайтару (бұдан әрi – қайтару және (немесе) есептеу) үшiн мемлекеттік кірістер органы "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша "Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысында (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелді) (бұдан әрі – № 208 қаулы) белгiленген нысан бойынша мемлекеттік кірістер органының басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам және мемлекеттік кірістер органының уәкілетті қызметкері электрондық цифрлық қолтаңба қойған төлем тапсырмасының электрондық түрін ұсынады.

      Мемлекеттік кірістер комитетінің "Салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесі" ақпараттық жүйесінен "Салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесі" интеграциялық шинасы арқылы мемлекеттік қазынашылықтың ақпараттық жүйелеріне қайтаруға және есепке жатқызуға төлем тапсырмаларын беру кезінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдары электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған төлем тапсырмаларының электрондық тізілімдерін жібереді.

      Ақшаны алушылар анықтамалығында бюджетке артық (қате) төленген соманы қайтаруға деректемелер болмаған немесе өзгерген кезде мемлекеттік кірістер органы "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесіне осы Қағидаларға 64-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақша алушыны енгізуге арналған осы Қағидаларға 67-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақша алушы деректемелерінің өзгерістерін енгізуге өтінімнің электрондық түрін қалыптастырады.

      Ақша алушыны енгізуге және ақша алушының деректемелерін өзгертуді енгізуге өтінімді ресімдеудің шынайылығын және дұрыстығын мемлекеттік кірістер органы қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік қазынашылық органы жұмыс күні ішінде сағат 16.00 (он алты) дейін "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі мемлекеттік кірістер органдарынан келіп түскен төлем тапсырмаларын қабылдауды жүзеге асырады. Сағат 16.00 (он алты) кейін түскен құжаттар орындалады немесе келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей орындаусыз қайтарылады.";

      417-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "417. Бас мердігердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алумен байланысты төлемдері және (немесе) ақша аударымдары бас мердігердің № 208 қаулыда белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасын қалыптастыру жолымен мемлекеттік сатып алудың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы ақша қалдықтары шегінде келесі шарттар сақталған кезде жүргізіледі:

      1) бас мердігердің төлем тапсырмасын қалыптастыруы үшін төлем сертификаты ("Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша қызмет көрсету кезінде түпнұсқадан сканерленген кескін ұсынылады), электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінен "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесіне интеграцияланған электрондық шот-фактура негіз болып табылады;

      2) бас мердігердің меншікті қаражаты есебінен мемлекеттік қазынашылықта ашылған мемлекеттік сатып алудың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан екінші деңгейдегі банктерде ашылған бас мердігердің шоттарына жүргізілген ағымдағы шығындарды өтеуге жол берілмейді;

      3) қызметкерлерге жалақыны және басқа да ақшалай төлемдерді, сондай-ақ жеке тұлғаларға олардың екінші деңгейдегі банкте ашылған ағымдағы немесе жинақ шоттарына, міндетті зейнетақы жарналарына, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік жарналарға, ерікті зейнетақы жарналарына және әлеуметтік аударымдарға, міндетті зейнетақы жарналарына және (немесе) жарналарына басқа да төлемдерді аудару бойынша төлемдер жүргізу үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру, "Қазынашылық-клиент" ақпараттық жүйесі бойынша сақтандырудың жинақтаушы түрінің шарттары бойынша төлемдер төлем тапсырмасының электрондық кескініне төлем сертификаты және осы Қағидаларға 140, 141, 142, 143 және 144-қосымшаларға сәйкес төлемдердің электрондық форматындағы ақша алушылардың тізімдері бекітіледі және бас мердігер мен бухгалтердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады;

      4) бас мердігердің салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуі төлем тапсырмасы мен төлем сертификаты негізінде жүзеге асырылады;

      5) бас мердігердің (консорциумның негізгі қатысушысының) мемлекеттік қазынашылықта ашылған мемлекеттік сатып алудың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан екінші деңгейдегі банктерде ашылған қосалқы мердігерлердің (консорциумның қатысушыларының) және (немесе) өнім берушілердің шоттарына аванстық (алдын ала) төлемді аударуы төлем сертификаты негізінде жүзеге асырылады;

      6) бас мердігерлер (консорциумның негізгі қатысушысы) осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, мемлекеттік қазынашылық органына төлем тапсырмасын ұсынуды қамтамасыз етеді;

      7) бас мердігер (консорциумның негізгі қатысушысы) төлем тапсырмасын толтырған кезде "Төлемнің мақсаты" жолында төлемнің мақсаты, тапсырыс беруші мен бас мердігер арасында жасалған шарттың нөмірі мен күні, растайтын құжаттардың атауы, нөмірі мен күні көрсетеді.";

      көрсетілген Қағидаларға 27-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 26 қарашадағы
№ 727 бұйрығына
қосымша
2025 қаржы жылына арналған
бюджеттің атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету
қағидаларына 27-қосымша
"Бекітемін"
Бюджетті атқару жөніндегі
орталық/жергілікті уәкілетті
органның басшысы
  ___________________
  (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
(ол болған жағдайда)
_____ жыл "___" __________
  Мөр орны

____ жылғы "__" _______ _______ негізінде _______ бюджет түсімдерінің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы № __ анықтама

      (мың теңге)

Түсімдердің атауы

Бюджеттік сыныптаманың атауы

Өзгерістер сомасы ( + , -), барлығы

оның ішінде айлар бойынша (ағымдағы айда – жыл басындағы кезеңге өзгеріс өсу қорытындысымен, келесі айларда өзгеріс ай сайын)

санаты

сыныбы

кіші сыныбы

ерекшелігі

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

Жоспарлы тағайындаулар
























Барлығы:










      кестенің жалғасы

оның ішінде айлар бойынша (ағымдағы айда – жыл басындағы кезеңге өзгеріс өсу қорытындысымен, келесі айларда өзгеріс ай сайын)

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

















      Жиынтық жоспарды жасауға жауапты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орталық/жергілікті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы ____________ (қолы)

      Түсімдер жоспарын жасауға жауапты бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орталық/жергілікті органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы ____________ (қолы)

      Анықтама – екі данада.

      Жоғары тұрған бюджеттен берілген сыйақылар (мүдделер) бойынша, кредиттер жөніндегі және кредитті өтеу жөніндегі түсімдердің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады