Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап күшіне енеді
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 47-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік кірістер органдарының сервистік тобы туралы үлгілік ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы |
Е. Биржанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
| Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 29 қазандағы № 645 Бұйрығымен бектілген |
Мемлекеттік кірістер органдарының сервистік тобы туралы үлгілік ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы салық органдарының сервистік тобы туралы үлгілік ережесі (бұдан әрі – Үлгілік ереже) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 47-бабы 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және салық органдарының сервистік тобының (бұдан әрі – сервистік топ) қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды. Сервистік топ салық органдарының мемлекеттік қызметтерін (бұдан әрі – мемлекеттік қызметтер) көрсетуді және салық төлеушілерге салықтық міндеттемелерін орындау бойынша, оның ішінде жеке тұлғалардың декларацияларын жасау мен ұсыну мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру қолдауын қамтамасыз етеді.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсететін салық органдарының кемінде екі лауазымды адамынан және салық төлеушілерге салықтық міндеттемелерін орындау бойынша, оның ішінде жеке тұлғалардың декларацияларын жасау мен ұсыну мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру қолдауынан тұратын көшпелі топ сервистік топ болып табылады.
Салық төлеушілердің жекелеген санатына:
1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
2) 2 (екі) айдан астам еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдар;
3) сыртқы күтім мен көмекті қажет ететін секесен жастан асқан қарт адамдар;
4) жалпыға ортақ телекоммуникация желілері жоқ шалғай елді-мекендерде тұратын жеке тұлғалар жатады.
3. Сервистік топ өз қызметінде Салық кодексінің 47-бабының 2) тармақшасын және 9-тарауын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағын, сондай-ақ осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.
2-тарау. Сервистік топ қызметінің тәртібі
4. Шығу кестесі мен сервистік топтың құрамын тиісті салық органы бекітеді және салық органдарына қызмет көрсету клиенттік орталығының ақпараттық стендтерінде, жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурсында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.
5. Сервистік топ келу үшін өтінім беру 1414 телефон нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік қызметтер мен декларацияларды алуға салықтық өтініштер қабылданғанға дейін сервистік топ салық төлеушілерге құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, көмек көрсетеді және мемлекеттік қызметтер мен декларацияларды алуға салықтық өтініштердің дұрыс толтырылуын тексереді.
7. Мемлекеттік қызметтерді алуға арналған салықтық өтініштер мен декларацияларды қабылдау сервистік топпен салық төлеушінің қалауына қарай қазақ немесе орыс тілдерінде, мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерде көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Салық төлеушінің қатысуымен сервистік топ мемлекеттік қызметтерді алуға арналған салықтық өтініштер мен декларацияларды қабылдау кезінде:
1) мемлекеттік қызметтерді алуға арналған салықтық өтініште немесе декларацияда көрсетілген салық төлеушінің деректерін жеке басын куәландыратын құжаттағы деректермен салыстырып тексереді, сондай-ақ салық төлеушінің мүдделерін білдіру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өкілдің өкілеттіктерінің болуын тексереді;
2) мемлекеттік қызметтерді алуға арналған салықтық өтініштің немесе декларацияның толықтығы мен дұрыстығын тексереді;
3) мемлекеттік қызметтерді алуға арналған салықтық өтініштің немесе декларацияның екінші данасына қабылданғаны туралы белгі қояды.
Жеке тұлғалардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға салықтық өтініштерді мен декларацияларды қабылдау процесінде сервистік топқа белгілі болған жеке тұлғалардың дербес деректері "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес үшінші тұлғаларға жария етілуге жатпайды.
