Талғар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 46-189 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5 тармағына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) Талғар аудандық мәслихатының "Талғар аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 17 мамырдағы № 4-17 шешімі.

      2) Талғар аудандық мәслихатының "Талғар аудандық мәслихаттың аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" Талғар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 мамырдағы № 4-17 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 10 тамыздағы № 8-36 шешімі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талғар аудандық мәслихаты аппаратының басшысы У. Даркенбаеваға жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талғар аудандық мәслихатының төрағасы М. Алибеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады