Панфилов ауданында азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы

Жаңа

Жетісу облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 308 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 18-бабының 2-тармағына, 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Панфилов ауданында азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Панфилов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Сағымбек

  Панфилов ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 02 шілдедегі № 308 қаулысына қосымша

Панфилов ауданында азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1)қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      2)психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.

      2.Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:

      1)ауылдық маңызы бар мемлекеттік қазыналық кәсіпорны басшысы (директоры);

      2)музыкалық жетекші;

      3)әдістемеші;

      4)көркемдік жетекші;

      5)режиссер;

      6)дыбыс режиссері;

      7)аккомпаниатор-концертмейстр;

      8)суретші;

      9)әртіс;

      10)кітапханашы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады