Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 67 бабы, 69 бабына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, жер экспликациясы негізінде және "Алматы Құс фабрикасы "Жетысу" жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiнің өтінішін қарай келе Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алматы Құс фабрикасы "Жетысу" жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақсеңгір ауылдық округінің аумағында орналасқан жер учаскелері, жер экспликациясына сәйкес жер пайдаланушылардан алынбай, алаңы 24,3770 гектар жер учаскелеріне, инженерлік инфрақұрылым жұмыстарын жүргізу үшін, жер учаскелерінің меншік иелерімен 25 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. "Алматы Құс фабрикасы "Жетысу" жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру және жер пайдаланушылармен жасасқан шартта шығынды өтеу бойынша міндеттерін және басқа да шарттарды анықтау ұсынылсын.
3. "Жамбыл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Н.Ертас |
| Жамбыл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы _________ № _____ қаулысына қосымша |
"Алматы Құс фабрикасы "Жетысу" жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне жария сервитут белгілеу бойынша жер учаскелерінің ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ
№ | Жер пайдаланушылар | Кадастрлік нөмірі | Меншік құқығы |
Жалпы | Сервитут белгілеу жер көлемі га. |
Жайылым |
Егістік |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 |
"Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ | 03-0456-062-761 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану | 46,0000 | 1,2650 | 46,0000 | |
2 |
Абдиракынов Мурат Турсынович | 03-045-062-007 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану | 100,0000 | 2,2640 | 100,0000 | |
3 |
"Генафонд" ЖШС | 03-045-062562 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану | 477,0000 | 0,6345 | 477,0000 | |
4 |
Артыкбаев Ержан Адыкаюмович | 03-045-062-518 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану | 246,0000 | 0,9603 | 246,0000 | |
5 |
"Медеу Коммерц" ЖШС | 03-045-010-1022 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану | 390,0000 | 3,2440 | 390,0000 | |
6 |
Даулет Бауыржан | 03-045-062-661 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану | 20,4200 | 0,7088 | 20,4200 | |
7 |
Агилшинов Берик Куатжанович | 03-045-062-503 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану | 99,4256 | 0,3001 | 99,4256 | |
8 |
Даулет Бауыржан | 03-045-062-663 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану | 17,4000 | 1,2668 | 17,4000 | |
9 |
Борашева Самал Жумабаевна | 03-045-062-520 | Жеке меншік | 8,3200 | 0,1175 | 8,3200 | |
10 | Ауданның жер қоры | 03-045-062 | 13,6160 | ||||
Барлығы | 24,3770 |