"West Espe Gold" жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 375 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексін 17-бабының 1-1 тармақшасына, 71-1 бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, 2025 жылғы 28 маусымдағы №3419-EL Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия негізінде және 2025 жылғы 26 тамыздағы № ЗТ-2025-02932601"West Espe Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішін қарай келе Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "West Espe Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Алматы облысы Жамбыл ауданы Мәтібұлақ ауылдық округінің аумағында орналасқан жер учаскелері жер пайдаланушылардан алынбай, жер экспликациясына сәйкес, алаңы 243,6 гектар жер учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін 2031 жылдың 28 тамыз айына дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. "West Espe Gold" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру және жер пайдаланушылармен жасасқан шартта шығынды өтеу бойынша міндеттерін және басқа да шарттарды анықтау ұсынылсын.

      3. "Жамбыл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н.Ертас

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады