"Актас Энерджи" жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 374 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 67 бабы, 69 бабына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, жер экспликациясы негізінде және "Актас Энерджи" жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiніңөтінішін қарай келе Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Актас Энерджи" жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үлкен ауылдық округінің аумағында орналасқан жер учаскелері жер пайдаланушылардан алынбай, алаңы 271,4941 гектар жер учаскелеріне, ВЛ 500 Кв электр желісінің құрылыс жүргізу және оған қызмет көрсету үшін жер учаскелерінің меншік иелерімен 25 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. "Актас Энерджи" жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру және жер пайдаланушылармен жасасқан шартта шығынды өтеу бойынша міндеттерін және басқа да шарттарды анықтау ұсынылсын.

      3. "Жамбыл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н.Ертас

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады