Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, жер экспликациясы негізінде және 2025 жылғы 21 шілдедегі № 2037 "Қазақстандық атом электр станциялары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің хатына қарай келе Жамбыл ауданының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы көлемі 3869,1132 гектар жер учаскелерінде іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер пайдаланушылардан және жер учаскелерінің меншік иелерінен жер учаскелерін алып қоймай, "Қазақстандық атом электр станциялары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. "Қазақстандық атом электр станциялары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі іздестіру жұмыстарын үшін пайдаланылатын жер учаскелерін тікелей мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіруді қамтамасыз етсін.
3. "Жамбыл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Н.Ертас |
