Қазақстан Республикасы Жер кодексін 17-бабының 1-1 тармақшасына, 71-1 бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, 2024 жылғы 19 қазандағы №2899-EL Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия негізінде және 2025 жылғы 21 тамыздағы № ЗТ-2025-02879909 "Premium Cement" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішін қарай келе Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Premium Cement" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Алматы облысы Жамбыл ауданы Талап ауылдық округінің аумағында орналасқан жер учаскелері жер пайдаланушылардан алынбай, алаңы 2922,3 гектар жер учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстарын жүргізу үшін 2030 жылдың 19 қазан айына дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.
2. "Premium Cement" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру және жер пайдаланушылармен жасасқан шартта шығынды өтеу бойынша міндеттерін және басқа да шарттарды анықтау ұсынылсын.
3. "Жамбыл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н.Ертас |
Жамбыл ауданы әкімдігінің | |
2025 жылғы _________ № _____ | |
қаулысына қосымша |
"Premium Cement" жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне жария сервитут белгілеу бойынша жер учаскелерінің ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ
№ | Жер пайдаланушылар | Кадастрлік нөмірі | Меншік құқығы |
Жалпы | Сервитут белгілеу жер көлемі га. |
Жайылым |
Егістік |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
1 |
"ТАҢБАЛЫ" ЖШС | 03-045-181-002 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді ортақ үлестік жер пайдалану | 1197,3 | 76,9 | ||
2 |
Қырықбаева Ақмарал Алмасовна | 03-045-115-003 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану | 250,0 | 41,8 | ||
3 |
"ТАҢБАЛЫ" ЖШС | 03-045-182-043 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді ортақ үлестік жер пайдалану | 103,3 | 103,3 | ||
4 |
"ТАҢБАЛЫ" ЖШС | 03-045-182-060 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану | 650,3 | 116,7 | ||
5 |
Бейсембиев Орынтай | 03-045-181-503 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану | 756,2 | 402,2 | ||
6 |
Танатпаев Турсын Касенович | 03-045-182-024 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану | 275,0 | 232-3 | ||
7 |
Мадиаров Қаттаубек Умирбекович | 03-045-182-059 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану | 500,0 | 337,2 | ||
8 |
Керимов Ануар Бейсегулулы | 03-045-182-506 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану | 1222,0 | 385,2 | ||
9 |
Бейсембиев Мурат Орынбаевич | 03-045-182-026 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану | 203,1 | 188,8 | ||
10 |
Бейсембиев Аскар Орынтаевич | 03-045-062-513-182-507 | Жеке меншік | 157,5 | 104,1 | ||
11 |
Егиншиев Нурлыбек Оразалиевич | 03-045-182-502 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану | 485,2 | 11,4 | ||
12 |
Егиншиев Нурлыбек Оразалиевич | 03-045-182-005 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді ортақ үлестік жер пайдалану | 49,6 | 43,8 | ||
13 |
"Строитель-М Агро"ЖШС | 03-045-182-048 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану | 2093,6 | 631,4 | ||
14 |
Есенгазиев Кайрат Уларбекович | 03-045-182-039 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану | 200,0 | 78,2 | ||
15 |
Турганов Бакытжан Турсынбаевич | 03-045-182-046 | Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді пайдалану | 303,4 | 169,0 | ||
Барлығы | 2922,3 |