"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1- тармағы 9) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабының 2-1 тармағының негізінде, Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл ауданы аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдауда сараланған тарифтері келесідей болып белгіленсін:
1) Электронды төлеу жүйесі, ұялы байланыс құралдары, көлік карталары немесе екінші деңгейдегі банк карталары арқылы төлеу кезінде:
ересектерге - 120 (жүз жиырма) теңге мөлшерінде;
жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге - 60 (алпыс) теңге мөлшерінде;
2) Қолма-қол ақшамен төлеу кезінде:
ересектерге 200 (екі жүз) теңге мөлшерінде;
жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге - 100 (жүз) теңге мөлшерінде.
2. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 5 мамырдағы № 138 "Жамбыл ауданының жолаушыларын әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы" қаулысының күші жойылсын.
3. Жамбыл аудандық мәслихатының сессиясына аудан әкімдігінің қаулысы келісуге ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Ертас |