"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына және 37-бабының 2-тармағына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес, Қонаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қонаев қаласында және аумағында жолаушыларды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдау тарифі және сараланған тарифі келесі мөлшерде белгіленсін:
1) қалалық қоғамдық көлікте жол жүру ақысын ұялы байланыс операторының қызметтері немесе электрондық билет жүйесі арқылы төлеу кезінде - 120 (жүз жиырма) теңге;
жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде - 200 (екі жүз) теңге;
2) Қонаев-Заречный, Қонаев-Арна бағыттарында:
жол ақысын электрондық билет жүйесі арқылы төлеу кезінде - 150 (жүз елу) теңге;
жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде - 300 (үш жүз) теңге;
3) Қонаев-Қосқұдық, Қонаев-Шеңгелді бағыттарында:
жол ақысын электрондық билет жүйесі арқылы төлеу кезінде - 200 (екі жүз) теңге;
жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде - 400 (төрт жүз) теңге;
4) Қонаев-Сарыбұлақ, Қонаев-Кербұлақ бағыттарында;
жол ақысын электрондық билет жүйесі арқылы төлеу кезінде - 200 (екі жүз) теңге;
жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеу кезінде - 500 (бес жүз) теңге.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | А. Бердіханов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Қонаев қаласының мәслихаты |