"Хромтау ауданы бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбесін, атаулары мен индекстерiн бекіту туралы" Хромтау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 78 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 370 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31- бабына және "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3 және 6 - баптарына сәйкес, Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Хромтау ауданы бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тiзбесін, атаулары мен индекстерiн бекіту туралы" Хромтау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 78 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8579-04 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      осы қаулының қосымшасына сәйкес көрсетілген қаулының қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лауазымы Аты-жөні

  Хромтау ауданы әкімдігінің
"___"_______ №___
қаулысына қосымша

Хромтау ауданы бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері

Автомобиль жолының индекстері

Автомобиль жолдарының атауы

Жалпы ұзындығы, км

1

KD-HR-1

Табантал ауылына кіреберіс жол

28,4

2

KD-HR-2

Тассай ауылына кіреберіс жол

28,6

3

KD-HR-3

Жазық станциясына кіреберіс жол

1,0

4

KD-HR-4

Абай ауылына кіреберіс жол

5,9

5

KD-HR-5

Тассай (Абай ауылдық округі) ауылына кіреберіс жол

3,9

6

KD-HR-6

"Хромтау" темір жол станциясына кіреберіс жол

6,0

7

KD-HR-7

Никельтау ауылына кіреберіс жол

2,8

8

KD-HR-8

Қатты тұрмыстық қалдық полигонына кіреберіс жол

2,9

9

KD-HR-9

"Самара-Шымкент" - "Дөң-Сарысай"

18,7

10

KD-HR-10

Қызылсу ауылына кіреберіс жол

11,7

11

KD-HR -11

"Самара-Шымкент" – "Құдықсай-Қопа"

39

12

KD-HR-12

Аққұдық ауылына кіреберіс жол

28,5

13

KD-HR-13

"Көктау-Майтөбе"

16

14

KD-HR-14

Тасөткел ауылына кіреберіс жол

34,0

15

KD-HR-15

"Аққұдық – Көктау"

22

16

KD-HR-16

Ойсылқара ауылына кіреберіс жол

17



БАРЛЫҒЫ:

264,4






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады