Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Хромтау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы | Э. Б. Болатов |
Хромтау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 7 тамыздағы № 349 шешіміне қосымша |
Хромтау аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1) Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 тамыздағы № 212 "Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8617-04 болып тіркелген) шешімі;
2) Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 312 "Хромтау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 8 тамыздағы № 212 "Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8698-04 болып тіркелген) шешімі;