"Восход-Oriel" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 247 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 10) тармақшасына, 37-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабы 1-тармағы 1)тармақшасына, 69 бабының 4-тармағына, 71-1 бабының 2-тармағына және ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің 2019 жылғы 9 желтоқсандағы № 442-EL пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензиясына негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Восход-Oriel" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, жалпы көлемі 1332 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай 2030 жылдың 9 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2 "Хромтау ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Хромтау ауданы әкімінің орынбасары А. Райысұлына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Тлеумуратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады