Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 - бабының 1-1) тармақшасына, 69 - бабының 4 - тармағына және 71-1 бабының 2 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31- бабына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "AltynCo" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен пайдалы қазбаларды барлау үшін, Мұғалжар ауданы Қайыңды ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 2040 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2031 жылдың 7 қарашасына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Мұғалжар ауданы бойынша жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Мұғалжар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Д. Ермағанбетов |
