"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қобда ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қобда ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 23 қыркүйектегі "Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін бекіту туралы" № 328 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Қобда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
| Аудан әкімі | І. Тынымгереев |
