"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 914-1-бабына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі айқындалсын.
2. "Ырғыз ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ырғыз ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы | А. Махаев |
| Ырғыз ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "__" ________ №__ қаулысына қосымша |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі
№ | Қоғамдық жұмыстардың түрлері | Ұйымдардың тізбесі |
1 |
Аумақты жинау, тазалау; | "Аманкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
2 |
Аумақты жинау, тазалау; | "Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
3 |
Аумақты жинау, тазалау; | "Құмтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
4 |
Аумақты жинау, тазалау; | "Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
5 |
Аумақты жинау, тазалау; | "Тәуіп ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
6 |
Аумақты жинау, тазалау; | "Жайсаңбай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
