Ескерту. 01.10.2025 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 2 тармағымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға ауданының жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртібі мен шарттарына сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Алға аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына 50 (елу) пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Алға аудандық мәслихатының төрағасы |
М. Тулеуов |