Әйтеке би аудандық мәслихатының 2024 жылғы 13 маусымдағы № 225 "Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2025 жылғы 7 қарашадағы № 425 шешімі

      Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әйтеке би аудандық мәслихатының 2024 жылғы 13 маусымдағы № 225 "Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8596-04 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      3 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидалардың 7 тармағының соңғы абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалар Әйтеке би ауданында тұрақты тіркелген адамдарға қолданылады.";

      8 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. Азаматтың (отбасының) табысын есептемегенде әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі:

      1) дүлей апаттың салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі бойынша, осындай жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей – 100 (жүз) АЕК мөлшерінде;

      2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі бойынша, осындай жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей – 100 (жүз) АЕК мөлшерінде;

      3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, босатылған сәттен бастап үш айдан кешіктірмей жүгінген тұлғаларға – 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;

      4) пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларға – 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;

      5) Қазақстан Республикасының шегінде санаторийлік - курорттық емделуге бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды (заңнамаға сәйкес жұмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жеке бағдарламада жеке көмекшінің әлеуметтік қызметі бар) алып жүретін азаматтарға, санаторийлік - курорттық ұйымда болу құнын өтеу ретінде нақты шығындар мөлшерінде, бірақ халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызынан аспайтын.";

      9 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. Әлеуметтік көмек жылына бір рет азаматтың (отбасының) өтініш берген сәттің алдындағы тоқсанда Ақтөбе облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып көрсетіледі:

      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 "Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21263 болып тіркелген) бекітілген тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес әлеуметтік мәні бар аурулардың бірінен зардап шегетін тұлғаларға - 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;

      Тізбе бойынша әлеуметтік көмек бір тұлғаға бір ауруы бойынша жылына бір рет көрсетіледі.

      2) көп балалы отбасыларға (тұлғаларға), аз қамтылған азаматтарға – 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;

      3) осы Қағидалардың 7 тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек - 30 (отыз) АЕК мөлшерінде көрсетіледі.".

      2. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би аудандық мәслихатының төрағасы: Б. Д. Сейлханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады