"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер енгізілсін.
2. Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 238 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3) Осы қаулының орындалуын бақылау Әйтеке би ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би ауданы әкімінің міндетін атқарушы |
Д. Убайдуллин |
"Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "___"_________ № _____ қаулысымен БЕКІТІЛГЕН |
1 тарау. Жалпы ережелер
1. "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салаласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:
1) "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ "Әйтеке би аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ "Әйтеке би аудандық "Целинник" мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
3. "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (болған жағдайда), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарындағы шоттары бар.
5. "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.
6. "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі"мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 030100, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Темірбек Жүргенов ауылдық округі, Темірбек Жүргенов ауылы, Темірбек Жүргенов көшесі, 62 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі
11. Осы Ереже "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады
12. "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын іске асыру жөніндегі жұмысын үйлестіру;
3) мәдени-ағарту жұмысына, қарамағындағы ұйымдар мен мекемелерге басшылық ету;
4) меншік нысанына қарамастан ауданның мәдениет мекемелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсету;
5) ауданда тұратын халықтардың тарихи-мәдени мұрасын, рухани дәстүрлерін жаңғырту, сақтау, дамыту және таратуды қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады;
7) ауданда бірыңғай мемлекеттік тіл саясатын жүргізуді қамтамасыз ету, меншік нысанына қарамастан аудандық бөлімдер мен ведомстволардың, ауылдық округ әкімдері аппараттарының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңын, Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
8) дене шынықтыру және спортты дамыту, аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
9) Әйтеке би ауданында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету;
10) дене шынықтыру және спорт салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ету
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтар:
1.1) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласында қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша аудан әкімдігінің атқарушы органдары мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру;
1.2) аудан әкімдігінің, әкімнің және жоғары тұрған ұйымдардың қарауына дамудың негізгі бағыттары, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы проблемаларды жедел шешу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
1.3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
1.4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
1.5) "Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар өткізу;
1.6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;
1.7) халықтың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын және ұсыныстарын заңнамада белгіленген тәртіппен қарау;
1.8) мемлекеттік және жергілікті қоғамдық-саяси, мәдени және спорттық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз ету;
1.9) мәдениет, тіл саясаты, дене шынықтыру және спорт мәселелерінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өкілеттіктерді жүзеге асыру;
"Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттігін орындау үшін ауданның басқа атқарушы органдарымен және оның қарамағындағы ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
2) міндеттері:
қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің орталық атқарушы органдардың, облыс әкімі мен әкімдігінің, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
15. Функциялары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабарларды қарауды қамтамасыз етеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етеді;
3) бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс;
4) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
5) ауданның ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, байқаулар, фестивальдер мен конкурстар, декоративтік-қолданбалы өнер көрмелерін өткізуді ұйымдастырады;
6) аудандық конкурстар мен фестивальдерді өткізу жоспарларын әзірлеу және бекіту;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халықтың мүдделерін ескере отырып, ауданның мәдениетін сақтау және дамытудың перспективалық жоспарларын әзірлеу;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген нысанда "мәдениет ұйымының негізгі қызметі бойынша есеп" әкімшілік деректер саласындағы атқарушы органға жинауды жүзеге асыру және ұсыну;
9) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
10) кітапхана және музей ісін дамыту мен сақтауды қамтамасыз ету;
11) клуб мекемелерін, кітапханаларды дамыту мен сақтауды, спорт құрылыстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады;
12) мәдениет саласындағы мәдени-демалыс қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
13) мәдениет, тіл және спортты дамыту мәселелері бойынша әртүрлі аудандық бағдарламаларды әзірлеу және іске асырылуын бақылау;
14) аудандық маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
15) мемлекеттік және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды өткізу;
16) облыстың атқарушы органдарына ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге;
17) "Тіл туралы" заңның 25-2 бабы "Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының құзыреті" 2-2) тармақшасымен "маңдайшаны республикалық маңызы бар қалада, астанада орналастыру туралы хабарламаларды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады", сондай-ақ, 25-3 бабы "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының құзыреті" 1-1) тармақшасымен "маңдайшаны облыстық және аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте орналастыру туралы хабарламаларды "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады.
18) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын жүзеге асыруды ұйымдастыру.
19) Тіл туралы заңнама талаптарын бұзған және орындамаған жеке және заңды тұлғаларға, кәсіпкерлік субъектілеріне қарсы істерді қарау және жазалау шараларын "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Кодексінің 75-бабына сәйкес қабылдауды жүзеге асырады.
20) дене шынықтыру мен спортты насихаттау, халықтың қалың жігін дене жаттығуларымен жүйелі түрде айналысуға тарту арқылы саламатты өмір салты қағидаттарын бекіту;
21) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;
22) аудан аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
23) "2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядттарын және біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру;
24) мәдениет пен спорттың инфрақұрылымын сақтау мен дамытуды қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базасын нығайту;
25) аудандық деңгейде әртүрлі спорт түрлері бойынша жарыстар өткізу;
26) әртүрлі спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуын қамтамасыз ету;
27) аудан аумағында бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету;
28) аудандық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын әзірлеу, бекіту және іске асыру;
29) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3 тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (бар болса)
16. "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
17. "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
18. "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
2) "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті, өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
6) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қарғалы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
8) "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;
10) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін жеке жауапкершілік көтереді;
11) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
12) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасады;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
19. "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
"Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
20. "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген, қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
22. "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
23. "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.
"Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1) "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ "Әйтеке би аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) "Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ "Әйтеке би аудандық "Целинник" мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.