Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 6 қарашадағы № 2322 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 142-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген), Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтері бекітілсін.

      2. "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Бекет

  Ақтөбе қаласы әкімдігінің
2025 жылғы "6" 11 № 2322
қаулысына қосымша

Бір қызмет алушыға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер тарифтері

Мекемелердің түрлері

Қызмет алушылардың түрлері

Күніне бір қызмет алушының тарифі (теңге)

Кіші түрі

Қызмет алушының жағдайы

1

2

3

4

5

1.

Жартылай стационар

Тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар

Орташа және айқын

10045,35

Психоневрологиялық патологиясы бар балалар

Орташа және айқын

16499,50

2.

Үйде қызмет көрсету



2248,19


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады