"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысынның 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы" және "Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе қаласының әкімі | А. Бекет |
| Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2025 жылғы "28" тамыздағы № 2116 қаулысына қосымша |
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы" және "Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, "Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы" және "Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын (бұдан әрі – ынталандыру үстемеақылары) белгілеудің тәртібі мен шарттары, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің нормаларына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұйым қызметкерлерін қызметтік міндеттерін (лауазымды) міндеттерін тиісінше орындағаны үшін марапаттау, сондай-ақ өз функциялары мен тапсырмаларын уақытыл және сапалы орындауға материалдық қызығушылықтарын арттыру мақсатында әзірленген және "Ақтөбе қаласыныі ішкі саясат бөлімі"мемлекеттік мекемесінің "Ақтөбе қаласының жастар ресурстық орталығы"және "Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемелері қызметкерлеріне қатысты болады.
2. Ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар және олардың мөлшері Ақтөбе қаласы мәслихатының шешімі бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен белгіленеді.
2-тарау. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі
3. Лауазымдық жалақыға ынталандырушы үстемеақыларын белгілеу облыстық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың дербес құрылымдық бөлімшелері басшыларының жазбаша ұсынысы негізінде Ұйымның басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен жүргізіледі.
Жазбаша ұсынысты дербес құрылымдық бөлімшелер қызметкерінің
тікелей басшысы мемлекеттік ұйымның бірінші басшысына шығарады.
4. Ұсынымда қызметкердің тегі мен лауазымы, жәрдемақының негіздері мен мөлшері көрсетіледі.
5. Ұсынымды ұйым басшысы күнтізбелік 20 күннен аспайтын мерзімде қарайды.
6. Ұйымның басшысы ұсынымды қарау нәтижесінде лауазымдық жалақыға ынталандыру үстемақысын белгілеудің бас тарту себептерін негіздей отырып келіседі немесе бас тартады.
7. Лауазымдық жалақыға көтермелеу үстемақысын белгілеуден бас тартуға негіздер:
1) ұсынымның ынталандыру үстемақыларын белгілеуге қажетті мәліметтермен толық қамтылмауы: ынталандыру үстемақыларын белгілеу құқығын беретін қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің анық еместігі және ақы мөлшерлерінің көрінісі;
2) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтамау.
3-тарау. Ынталандыру үстемақыларын белгілеу шарттары
7. Ынталандыру үстемақыларын белгілеу қызметкердің қызметінің әрбір қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:
1) орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау;
2) белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелерінде қол жеткізу;
3) лауазымдық міндеттерді үлгілі және мінсіз орындау, аса маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыста басқа да жетістіктер;
4) ұйымдардың одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмысын қамтамасыз етумен байланысты болатын шұғыл және алдын ала күтпеген жұмыстарды орындау;
5) егер уақытша болмаған жұмыскерді алмастырушы қызметкердің лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, қысқартылған және/немесе уақытша болмаған жұмыскерлердің функцияларын өзінің негізгі жұмысынан босамай орындау;
6) оған міндеттердің кеңейтілген шеңберін, жоғары кәсіби деңгеймен және құзыреттілікпен ұштасытылған жұмыстың жеткілікті тәжірибеде (өтіл) мен дағдыларды, оларды практикада табысты қолданумен, сондай-ақ басқа да көрсетілгендерді жүктеу;
7) бұдан басқа, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар құжаттармен жұмысты жүзеге асыратын қызметкерлерге лауазымдық жалақыға үстемақы олардың орындалу көлеміне қарай, сондай-ақ олардың кейбір құқықтарын шектеуден және қосымша жауаптылықтары үшін белгіленуі мүмкін;
8) үстемақылар сондай-ақ мынадай объективті мән-жайларға байланысты қызметкерді төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде белгіленуі мүмкін: осы органда еңбек міндеттерін атқаруға байланысты алынған еңбек мертігуі, кәсіптік ауруы немесе денсаулығының өзге де зақымдануы еңбекке жарамдылығын қалпына келтіргенге, не мүгедектік белгіленгенге дейін.
8. Лауазымдық айлықақыларға ынталандыру үстемақысы қызметкерлерге белгіленбейді:
1) алынбаған тәртіптік жаза болған кезде;
2) Ұйымда бір айдан кем жұмыс істегендерге;
3) сынақ мерзімінен өту кезеңінен;
4) лауазымның тиісті санатының функциялары уақытша орындалған жағдайда,
5) жұмыскерді материалдық жауапкершілікке тарту кезеңінде;
6) жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде;
7) жалақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде;
8) оқу демалысы кезеңінде;
9) жүкті әйелдің және баланың (балалардың) туылуына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс кезеңінде;
10) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демлыс кезеңінде;
9. Ынталандыру үстемақылары еңбекақының негізгі көрсеткіштерін, бюджет мүмкіндіктерін талдауға негізделе отырып және Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда жыл сайынғы негізде қайта қаралуы мүмкін.
10. Ұйымдар жұмыскерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын төлеуге арналған бюджет қаражаты мемлекеттік ұйымды қаржыландыру жоспарында (даму жоспарында) әрбір қаржы жылында көзделуге тиіс.
