"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртібі мен шарттарына сәйкес "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне ведомстволық бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылары осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың төрағасы | Г. Сүйінтаева |
2025 жылғы 27 маусымдағы № 226 облыстық мәслихаттың шешіміне қосымша |
Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесіне ведомстволық бағынысты коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақылар
№ п/п | Лауазымдардың (атаулардың) толық жазылуы | Лауазымдық айлықақыға үстемеақы мөлшері |
1. | Директор | 30 % |
2. | Директордың орынбасары | 30 % |
3. | Бас есепші | 30 % |
4. | Есепші, экономист, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы | 30 % |
5. | Бөлім басшысы | 30 % |
6. | Әкімшілік және техникалық қызметкерлер (заңгер, кадр жөніндегі маман, іс жүргізуші, референт, бағдарламашы, менеджер, хатшы, рұқсаттама бюросының кезекшісі, байланысшы) | 30 % |
7. | Әр түрлі жұмысшылар (тазалаушы, күзетші, аула сыпырушы, ағаш ұстасы, электрик, сантехник және т.б.) | 30 % |
8. | Жүргізуші | 30 % |
9. | Арнайы техниканың жүргізушісі | 70 % |
10. | Тракторшы | 70 % |
11. | Инженер-гидротехник, инженер-энергетик, инженер-гидрометр | 50 % |
12. | Механик | 50 % |
13. | Су құрылғыларын бақылаушы | 50 % |