ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, тиімділігін арттыру мақсатында және 2024 жылғы 14 қазандағы № 5 Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы хаттамасының 1-тармағының 3) тармақшасын орындау шеңберінде БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Жүргізуші куәліктерін беру" мемлекеттік қызметін алғаш рет жүргізуші куәлігін алу үшін онлайн форматта өтінім беру және "электрондық үкімет" порталы және басқа да ақпараттандыру обьектілері арқылы жүргізуші куәлігін ауыстыруды тек онлайн форматқа көшіру бөлігінде көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асырсын.
2. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес пилоттық жобаны іске асыру Алгоритмін бекітсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – КЕАҚ):
1) "электрондық үкімет" порталы, EgovMobile, "ХҚКО" мобильдік қосымшасы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелері және "Ақпараттандыру туралы", "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңдарының, "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысының талаптарына сәйкес дербес деректерді қорғауды және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді есепке ала отырып, "Автомектеп" ақпараттық жүйесіне қосылған көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіби бірлестіктер арқылы алғаш рет жүргізуші куәлігін алу үшін өтінім беру бойынша қызметті іске асыруды қамтамасыз етсін.
2) КЕАҚ филиалдары арқылы алғаш рет жүргізуші куәлігін алуға және оларды ауыстыруға (шетелдік жүргізуші куәлігін ұлттық куәлікке ауыстыруды қоспағанда) өтінімдерді қабылдауды алып тастасын.
4. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы алғаш рет жүргізуші куәлігін беру қызметінің төлқұжатын "электрондық үкімет" порталында және "ХҚКО" мобильдік қосымшасында қызметке сілтеме бере отырып, EgovMobile мобильдік қосымшасында орналастыру бойынша шара қолдансын.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы бірлескен бұйрық бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.
6. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қыркүйекке айына дейін қолданыста болады.
|
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
____________ Е. Саденов |
| Қазақстан Республикасы | |
| Премьер- Министрінің орынбасары – | |
|
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі |
_______ Ж. Мадиев |
Алғаш рет жүргізуші куәлігін алу үшін онлайн форматта өтінім беру және ақпараттандыру обьектілері арқылы жүргізуші куәлігін ауыстыруды тек онлайн форматқа көшіру бойынша пилоттық жобаны іске асыру алгоритмі
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Алгоритм "Жүргізуші куәліктерін беру" мемлекеттік қызметін көрсету барысында алғаш рет жүргізуші куәлігін алу үшін "электрондық үкімет" порталы, EgovMobile, "ХҚКО" мобильдік қосымшалары, екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелері және "Автомектеп" ААЖ-ға қосылған көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіби бірлестіктердің сервистері (бұдан әрі – ақпараттандыру объектілері) арқылы өтінімдерді қабылдау тәртібін айқындайды.
2. Осы Алгоритмде мынадай қысқартулар қолданылады:
1) СО ААЖ – Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің "Сервис орталығы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
2) ЖЖҚ – "ЖЖҚ" бағдарламалық қамтамасыз етуі;
3) ДМ АЖ –Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесі;
4) "Автомектеп" ААЖ – көлік құралдарының жүргізушілерін даярлайтын оқу ұйымдары мен оқитын адамдарды есепке алу бойынша автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
5) "ДНЭТ" АЖ – "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесі;
6) ӘПБ – Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы;
7) ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.
3. Ақпараттандыру объектілері арқылы алғаш рет жүргізуші куәлігін беру процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) ақпараттандыру объектілерінің тиісті сервистері арқылы қызметті таңдау;
2) "электрондық үкімет" порталында немесе EgovMobile мобильдік қосымшасында қызметті таңдаған жағдайда сілтеме бойынша өту;
3) "ХҚКО" мобильдік қосымшасында не өзге де ақпараттандыру объектілерінің тиісті сервистері арқылы авторизациядан өту;
4) Дербес деректерге қол жеткізуді бақылау мемлекеттік бақылау сервисіне сұрау салу. Оң нәтиже болған жағдайда келесі қадамға өту;
5) СО ААЖ жүргізуші куәлігінің бар-жоғы туралы ақпаратқа сұрау салу. Егер жүргізуші куәлігі болса – қызметті көрсету мүмкін еместігі туралы хабарлама шығару, болмаған жағдайда – келесі қадамға өту;
6) ӘІБТ-ға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының алтыншы, жетінші бөліктерінде немесе 613-бабының тоғызыншы, оныншы бөліктерінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартылуына байланысты емтихан тапсыруға шектеулер бар-жоғы туралы ақпаратқа сұрау салу. Шектеулер болған жағдайда – қызметті көрсету мүмкін еместігі туралы хабарлама шығару, шектеулер болмаған жағдайда – келесі қадамға өту;
7) ДСМ АЖ-ға 073/у нысаны бойынша медициналық анықтамаға сұрау салу. Медициналық анықтама болған жағдайда – келесі қадамға өту, анықтама болмаған жағдайда – қызметті көрсету мүмкін еместігі туралы хабарлама шығару;
8) "ДНЭТ" АЖ-ға нарко-, психоесептер бойынша мәліметтерге сұрау салу. Егер есептер туралы ақпарат бар болса – қызметті көрсету мүмкін еместігі туралы хабарлама шығару, ақпарат болмаған жағдайда – келесі қадамға өту;
9) "Автомектеп" ААЖ-ға автомектепті аяқтағаны туралы куәліктің бар-жоғы туралы ақпаратқа сұрау салу. Автомектепті аяқтағаны туралы куәлік болған жағдайда – келесі қадамға өту, куәлік болмаған жағдайда – қызметті көрсету мүмкін еместігі туралы хабарлама шығару;
10) ЖЖҚ-ға емтихан тапсыруға әрекеттер саны туралы сұрау салу. Егер әрекеттер болса – келесі қадамға өту, куәлік болмаған жағдайда – қызметті көрсету мүмкін еместігі туралы хабарлама шығару;
11) өтініш жолдарын қызмет алушының толтыруы;
12) өтінімге нөмір беру;
13) теориялық емтихан тапсыру үшін күн мен уақытты брондау. Сәтті тапсырған жағдайда – келесі қадамға өту, теріс нәтиже болған жағдайда – қызметті аяқтау және жаңа өтінім беру қажеттігі туралы хабарлама шығару;
14) практикалық емтихан тапсыру үшін күн мен уақытты брондау. Сәтті тапсырған жағдайда – келесі қадамға өту, теріс нәтиже болған жағдайда – қызметті аяқтау және жаңа өтінім беру қажеттігі туралы хабарлама шығару;
15) жүргізуші куәлігін беру, жүргізуші куәлігін беру туралы өтінім рәсімдеумен ХҚКО операторында суретке түсу үшін мемлекеттік бажды төлеу;
16) өтінішті уәкілетті ӘПБ қызметкерінің қарауы. Оң нәтиже болған жағдайда – келесі қадамға өту, теріс нәтиже болған жағдайда – бас тарту туралы хабарлама шығару;
17) жүргізуші куәлігін басып шығару;
18) Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің ХҚКО-да жүргізуші куәлігін беруі.
4. ӘПБ қызметтердің уақтылы көрсетілуін бақылауды жүзеге асыру жөнінде шаралар қабылдайды.
5. Жүргізуші куәліктерін басып шығару Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Ақпараттық-өндірістік орталық" республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүргізуші куәліктерін уақтылы басып шығару жөнінде шаралар қабылдайды.
2-бөлім. Қызмет алушы мен Мемлекеттік корпорацияның өзара іс-қимылының тәртібі
6. Жүргізуші куәліктерін беру кезінде қызмет алушы мен "Мемлекеттік корпорацияның" өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімінде № 10056 болып тіркелген) Емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Бұл ретте "Мемлекеттік корпорация" филиалдары арқылы алғаш рет жүргізуші куәлігін алғаш рет алу және оны ауыстыру үшін өтініштер қабылданбайды.
