"Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын автоматтандыру техникасымен және мүлікімен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 қазандағы № 829 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 637 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын автоматтандыру техникасымен және мүлікімен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 қазандағы № 829 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуінде 12277 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын автоматтандыру техникасымен және мүлікімен жабдықтау заттай нормаларын бекіту туралы";

      преамбула мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 70-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын автоматтандыру техникасымен және мүлікімен жабдықтау заттай нормалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын автоматтандыру техникасымен және мүлкімен жабдықтау нормаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын автоматтандыру техникасымен және мүлкімен жабдықтау заттай нормалары";

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Есептеу және ұйымдастыру техникасы құралдарымен жабдықтау заттай нормасы";

      "

р/с

Мүліктің атауы

Өлшем бірлігі

Норма бойынша тиесілі

Пайдалану мерзімі

Жабдықтау нормаларының таралу саласы

Жабдықтау нормаларының анықтамасы мен қолданылуын нақтылайтын сипаттамалары

      ";

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

р/с

Мүліктің атауы

Өлшем бірлігі

Норма бойынша тиесілі

Пайдалану мерзімі

Жабдықтау заттай нормаларының таралу саласы

Жабдықтау заттай нормаларының анықтамасы мен қолданылуын нақтылайтын сипаттамалары

      ";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Серверлік жабдықтармен және бағдарламалық қамтыммен жабдықтау заттай нормасы";

      "

р/с №

Мүліктің атауы

Өлшем бірлігі

Пайдаланылу мерзімі

ҰҰБҚ (қамтамасыз ету бөлімшесі)

ӨңҚ (қамтамасыз ету бөлімшесі)

Бригада\ құрама

ә/б

ӘОО

Оқу бригадасы/ құрамасы/ әскери бөлімі

ӘММ

ЖОБ

Жабдықтау нормаларының анықтамасы мен қолданылуын нақтылайтын сипаттамалары

      ";

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

р/с №

Мүліктің атауы

Өлшем бірлігі

Пайдаланылу мерзімі

ҰҰБҚ (қамтамасыз ету бөлімшесі)

ӨңҚ (қамтамасыз ету бөлімшесі)

Бригада\ құрама

ә/б

ӘОО

Оқу бригадасы/ құрамасы/ әскери бөлімі

ӘММ

ЖОБ

Жабдықтау заттай нормаларының анықтамасы мен қолданылуын нақтылайтын сипаттамалары

      ";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе: жабдықтау заттай нормаларында қолданылатын негізгі терминдер:

      1. Ғимарат – кемінде 15 жұмыс станциясы орналасқан құрылыс;

      2. Қосалқы бөлшек – қондырғыны құрылғыға орнату аяқталғаннан кейін есептен шығарылады;

      3. Құрылғы – ЕТҚ жататын белсенді құрылғы, перифериялық және серверлік жабдық және олардың бөлшектері;

      4. Шығындау материалдары – тікелей шығынмен есептен шығарылады;".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты
Е. Саденов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады