Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 409 Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдарының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшелері туралы ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-лейтенанты И.В. Лепехаға және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (Қ.Ә. Сұлтанбаев) жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр полиция генерал-лейтенанты | Е. Саденов |
| Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 352 бұйрығымен бекітілген |
Ішкі істер органдарының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшелері туралы ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ішкі істер органдарының отбасылық – тұрмыстық зорлық – зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшенің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі ереже (бұдан әрі-қағидалар) ішкі істер органдарының отбасылық – тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлімшелерінің (бұдан әрі - бөлімшелер) жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Бөлімшелер Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінде (бұдан әрі – ӘПК), Полиция департаменттерінде (бұдан әрі – ПД) және қалалық, аудандық ішкі істер органдарында (бұдан әрі – ІІО) құрылады.
3. Бөлімше қызметінің мақсаты отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын құқық бұзушылықтар профилактикасы және халыққа тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу және жолын кесу мәселелерінде құқықтық көмек көрсету болып табылады.
2 тарау. Бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру тәртібі
4. Бөлімшелердің жұмысын ұйымдастыру бойынша жалпы басшылықты облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың ПД, қалалық, аудандық ІІО бастығы жүзеге асырады.
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД, қалалық, аудандық ІІО бөлімшелерінің міндеттері:
1) отбасылық – тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық –зомбылықтың алдын алу және жолын кесу мәселелерінде ішкі істер органдарының қызметін үйлестіру;
2) отбасылық – тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық –зомбылықтың алдын алу және жолын кесу мәселелерінде халыққа құқықтық көмек көрсету;
3) отбасылық – тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық –зомбылық профилактикасы нысандары мен әдістерін жетілдіру, сондай-ақ оны жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою.
6. Бөлімшелердің қызметі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД, қалалық, аудандық ІІО бастығының жетекшілік ететін орынбасары бекіткен тоқсан сайынғы жоспарларға сәйкес ұйымдастырылады.
7. ІІМ ӘПК, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД функциялары:
1) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, қалалық, аудандық органдардың аумақтық бөліністерінің қызметіне ұйымдастырушылық –әдістемелік басшылық жасау, олардың заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуын бақылау, практикалық көмек көрсетуі;
2) жергілікті атқарушы, мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен (бұдан әрі – ҮЕҰ), отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғаумен айналысатын қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
3) отбасылық – тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық –зомбылықты анықтау және жолын кесу бойынша жедел-профилактикалық іс-шараларды дайындау және өткізу;
4) отбасылық – тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен зорлық – зомбылық қылмыстарының жай-күйін, құрылымын, динамикасын талдау, мүдделі мемлекеттік органдарға ақпарат дайындау;
5) құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардан, ҮЕҰ мен қоғамдық бірлестіктерден алынған статистикалық деректерді жинақтау және талдау;
6) отбасылық – тұрмыстық қатынастар саласындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша жұмысты ұйымдастырудың нысандары мен әдістерін жақсартуға бағытталған ІІМ, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД аппараттық, жедел кеңестері мен алқаларында қарау үшін материалдар дайындау;
7) ІІМ-нің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД-ның мүдделі қызметтерімен бірлесіп, бөлімше кадрларын іріктеуді, орналастыруды, тәрбиелеуі жақсарту және олардың кәсіби шеберлігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізу;
8) шағымдар мен арыздарды қараудың белгіленген тәртібін бұзған ІІО лауазымды адамдарына қатысты, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында (аса ауыр) ауыр қылмыстар жасау фактілері бойынша қызметтік тергеу жүргізу.
8. қалалық, аудандық ІІО бөлімшелерінің функциялары:
1) тұрмыстық қылмыс профилактикасы бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, оларды жою жөнінде шаралар қабылдау;
2) тұрмыстық зорлық – зомбылық жасағаны үшін ІІО-да профилактикалық есепте тұрған адамдармен жеке профилактиканы жүзеге асыру;
3) тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
4) халыққа отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңнама нормаларын түсіндіруге көмек көрсету;
5) учаскелік полиция инспекторларының штаты жеткіліксіз жасақталған жағдайларда тұрмыс саласындағы құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асырады;
6) учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасау тәуекелін бағалауды айқындайды, оларды бақылау және жеке профилактика жөніндегі іс-шараларды кейіннен іске асыра отырып, профилактикалық есепке қоюды анықтайды және жүзеге асырады;
7) отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы қолсұғушылықтардан зардап шеккен жеке тұлғаларға көмек көрсету;
8) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы және одан зардап шеккендерге көмек көрсету мәселелерінде мүдделі ведомстволармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
9. қалалық, аудандық ІІО бөлімшелері қызметінің нәтижелері туралы ақпарат тоқсан сайын қызметтік жазбамен ресімделеді және есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне қарай облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД-ге ұсынылады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД-ның жиынтық қызметтік жазбалары есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне ӘПК-ге жолданады.
Қызметтік жазбаларға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД бастықтары, ал олар болмаған кезде оларды алмастыратын адамдар қол қояды және мынадай:
1) оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды, көрсетілген фактілердің алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданатын шараларды, оларды жасаған адамдарға, сондай-ақ жәбірленушілерге мінездемелерді баяндай отырып, тұрмыс саласындағы қылмыстың жай-күйін талдау;
2) тұрмыс саласында жасалатын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы аймақ бойынша жинақталған статистикалық деректер, осы санаттағы құқық бұзушыларға қатысты ден қою нәтижелері, сондай-ақ аталған жіктеуіштердің динамикасын талдау;
3) бұқаралық ақпарат құралдарының, әлеуметтік желілердің, сондай-ақ өзге де көздерді мониторингілеу арқылы анықталған отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында зорлық-зомбылық көрсету фактілері бойынша жедел ден қоюдың қабылданған шаралары туралы;
4) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мен куәгерлерінің қауіпсіздігі мен қолдауын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың нәтижелері туралы;
5) отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында қайталама құқық бұзушылықтар жасау тәуекелдерін бағалауды айқындау бойынша қызметтің нәтижелері туралы;
6) қоғамда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа "мүлдем төзбеушілік" қағидатын қалыптастыру бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысының қорытындылары туралы;
7) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына, оның ішінде дағдарыс орталықтары мен отбасын қолдау орталықтарының қатысуымен көмек көрсету жөніндегі іске асырылған іс-шаралар туралы;
8) мүдделі органдардың, оның ішінде ҮЕҰ мен қоғамдық бірлестіктердің ведомствоаралық өзара іс-қимылы, зорлық-зомбылық құрбандарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша жұмыс туралы;
9) отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу мәселесінде ІІО-ның өзге де бөлімшелермен өзара іс-қимыл нәтижелері туралы мәліметтерді қамтиды.
Қызметтік жазбаның мәтіні жоғарыда көрсетілген тармақтарға сәйкес бөлімдер бойынша құрылады.
10. Бөлімшелер қызметінің нәтижелері тоқсан сайын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ПД басшылығы жанындағы жедел кеңестерде қаралады.
