Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 және 50-баптарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 бұйрығымен бекітілген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды сыныптау қағидаларына, сондай-ақ Қосшы қаласы бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі қалалық комиссияның 2025 жылғы 2 маусымдағы №7 және 2025 жылғы 16 маусымдағы №8 кезектен тыс отырыстарының хаттамаларына сәйкес, қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тіршілікті қамтамасыз етуге арналған коммуникациялық жүйелерде, жылумен қамтамасыз ету нысандары мен жылу желілерінде авариялық жағдай туындау қаупіне байланысты, Қосшы қаласында жылу беру жүйесінің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін әрі ірі көлемдегі апат қаупі барын ескере отырып, Қосшы қаласының орталық қазандығы мен жылу желілерінде (Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Алтын Қазық көшесі, 1Б құрылыс мекенжайында) орналасқан нысанда объектілік масштабтағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Н.А.Садыров төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзімде қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Әкім | А.Қапышев |