2025 жылға арналған Бурабай ауданының Щучинск қаласы бюджетінің секвестрі туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-39/24 шешімі

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 97-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2025 жылға арналған Щучинск қаласының бюджетінің секвестрі салық түсімдері бойынша жоспардың орындалмауына байланысты 136861,7 мың теңге сомасында жүргізілсін.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Щучинск қаласы бюджетінің бюджеттік бағдарламалары секвестрленсін.

      3. Іс-шараларды іске асыруды кейіннен заңнамада белгіленген тәртіппен бюджет қаражатын нақтылай отырып, 2026 жылға ауыстырылсын.

      4. Бурабай ауданының Щучинск қаласы әкімінің аппараты:

      1) бюджеттік бағдарламаларды, қаржыландыру жоспарларын және шарттық міндеттемелерді осы шешімге сәйкес келтірсін;

      2) іс-шараларды іске асыру мерзімдерін, оның ішінде қолданыстағы шарттарға өзгерістер енгізу жолымен түзетуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы шешімнің орындалуын қадағалау аудандық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      6. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай аудандық маслихатының төрағасы М.Нұрпанова

  Бурабай аудандық
мәслихатының
2025 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 8С-39/24 шешіміне
қосымша

2025 жылға арналған Щучинск қаласының бюджетінің секвестрі

Санаты

Сома,
мың теңге


Сыныбы



Кіші сыныбы




Атауы

1

2

3

4

5

Функционалдық топ

Сома,
мың теңге


Бюджеттік бағдарлама әкімшісі



Бағдарлама




II. Шығындар

136861,7

07



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

76909,0


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

76909,0



011

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

76909,1

12



Көлік және коммуникация

59952,7


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

59952,7



013

Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

59952,7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады