Ескерту. 01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 3-тармағымен.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 577-бабына, 581-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бурабай ауданында автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын салықтың базалық мөлшерлемелері 2-қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.
2. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде, жерлеріне базалық мөлшерлемелер қолданылатын жақын жатқан елді мекен Щучинск қаласы болып айқындалсын.
3. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы | М.Нұрпанова |
| Бурабай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-39/10 шешіміне 1-қосымша |
Автотұрақтар (паркингтер) санаттары
№ р/с | Автотұрақтар (паркингтер) түрлері | Санаттар |
1. | Жабық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) | 1-санат |
2. | Ашық түрдегі автотұрақтар (паркингтер) | 2-санат |
| Бурабай аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-39/10 шешіміне 2-қосымша |
Бурабай ауданында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын салықтың базалық мөлшерлемелерін ұлғайту
№ р/с | Автотұрақтар (паркинтер) санаты | Базалық мөлшерлемелерді ұлғайту |
1. | 1-санат | он есе |
2. | 2-санат | он есе |
