Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 28 тамыздағы № А-3/189 қаулысы

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 97-бабының 1-тармағына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген), Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасары А. А. Керімбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С.Шабаров

  Шортанды ауданы әкімдігінің
2025 жылғы "28" тамыздағы
№ А-3/189 қаулысына
қосымша

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері

№ п/п

Тұрғын үй мекенжайы

Тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері, теңге (бір шаршы метр айына)

1

Шортанды ауданы Шортанды кенті Фэликс Дзержинский көшесі 52 үй 7 пәтер
(кондоминиум объектісінің құрамына кіреді)

164

2

Шортанды ауданы Шортанды кенті Фэликс Дзержинский көшесі 9 үй
(кондоминиум объектісінің құрамына кірмейді)

127

3

Шортанды ауданы Шортанды кенті
30 лет Победы көшесі 3 үй 16 пәтер
(кондоминиум объектісінің құрамына кіреді)

239

4

Шортанды ауданы Раевка ауылдық округі Раевка ауылы Набережная көшесі 3/2 үй (кондоминиум объектісінің құрамына кіреді)

80

      Мекенжай бойынша орналасқан кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақы мөлшерін есептеу:

      Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Фэликс Дзержинский көшесі, 52 үй, 7 пәтер

      А=178 799 (14 000 000 теңге/78,3 ш. м.) / 91 жыл (2016 жыл (салынған жылы) +100 жыл (ғимараттың есептік қызмет ету мерзімі) - 2025 (сатып алынған жылы)/12

      Барлығы: 164 теңге

      Мекенжайы бойынша орналасқан кондоминиум объектісінің құрамына кірмейтін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақы мөлшерін есептеу:

      Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Фэликс Дзержинский көшесі, 9 үй

      А=99 174 (18 000 000 теңге/181,5 ш. м.)/65 жыл (1990 жыл (салынған жылы) +100 жыл (ғимараттың есептік қызмет ету мерзімі) – 2025 (сатып алынған жылы)/12+0

      Барлығы: 127 теңге

      Мекенжай бойынша орналасқан кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақы мөлшерін есептеу:

      Шортанды ауданы, Шортанды кенті, 30 Лет Победа көшесі, 3 үй, 16 пәтер

      А=157 895 (4 500 000 теңге/28,5 ш. м.) / 55 жыл(1980 жыл (салынған жылы) +100 жыл (ғимараттың есептік қызмет ету мерзімі) – 2025 (сатып алынған жылы)/12

      Барлығы: 239 теңге

      Мекенжай бойынша орналасқан кондоминиум объектісінің құрамына кіретін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақы мөлшерін есептеу:

      Шортанды ауданы, Раевка ауылдық округі, Раевка ауылы, Набережная көшесі, 3/2 үй

      А=53 030 (3 500 000 теңге/66,0 ш. м.) / 55 жыл(1980 жыл (салынған жылы) +100 жыл (ғимараттың есептік қызмет ету мерзімі) – 2025 (сатып алынған жылы) / 12

      Барлығы: 80 теңге

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады