2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Целиноград ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 15 тамыздағы № А-8/209 қаулысы

      Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабына, ҚР "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес және "Арнаулы қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №281 бұйрығының негізінде, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер бекітілсін.

      2. "Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Ақмола облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық банкіне ресми жариялауға электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде көшірмесін енгізсін.

      2) Осы қаулының Целиноград ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А. А. Нұртазинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Д.Сабырғали

  Целиноград ауданы әкімдігінің
қаулысына қосымша
"15" тамыз 2025 жыл
№ А-8/209

1 көрсетілетін қызметті алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтерге жан басына шаққандағы тариф

Мекеме
түрлері

Көрсетілетін қызметті алушының түрлері

Күніне 1 көрсетілетін қызметті алушыға тариф
(теңге)

Кіші түрі

Көрсетілетін қызметті алушының жағдайы

1

2

3

4

5

1.

Үйде қызмет көрсету ұйымдары



2791,73


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады