Зеренді аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 қарашадағы № 36-279 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Келесі шешімдердің:

      1) Зеренді аудандық мәслихатының "Зеренді аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 2-7 шешімінің;

      2) Зеренді аудандық мәслихатының "Зеренді аудандық мәслихатының 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 2-7 "Зеренді аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 3 шілдедегі № 8-48 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы Р.Ғабдуллина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады