"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері айқындалсын.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстар орындауға тиіс ұйымдардың тізбесі айқындалсын.
3. Жақсы ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінің әкімдеріне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен әкімшілік жазаға тартылған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын
4. Осы қаулының орындалуын бақылау осы мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| А.Қадыралина |
| Жақсы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № а-8/235 қаулысына 1-қосымша |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
№ | Қоғамдық жұмыстардың түрлері |
1 | Аумақтарды, көшелер мен алаңдарды абаттандыру, тазалау және көгалдандыру |
2 | Ағаштар мен бұталарды кесу, бұтақтарды кесу |
3 | Ағаштардың, бұталардың және гүл көшеттерінің көшеттерін отырғызу және арамшөптерден тазарту |
4 | Автобус аялдамаларының аумақтарын абаттандыру және тазалау |
5 | Тротуарлар мен жолдарды абаттандыру кезіндегі қосалқы жұмыстар |
6 | Жолдарды абаттандыру элементтерін бояу |
7 | Жол техникасы үшін қол жетпейтін жерлерде жол төсемдерін тазалау |
8 | Спорт және балалар алаңдарын абаттандыру |
9 | Арнайы кәсіптік даярлықты қажет етпейтін жұмыстардың басқа түрлері |
| Жақсы ауданы әкімдігіні 2025 жылғы 23 қыркүйектегі № а-8/235 қаулысына 2-қосымша |
Қоғамдық жұмыстар орындауға тиіс ұйымдардың тізбесі
№ | Ұйымның атауы |
1 | "Жақсы ауданының Белағаш ауылы әкімінің аппараты" ММ |
2 | "Жақсы ауданының Беловод ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
3 | "Жақсы ауданының Жақсы ауылы әкімінің аппараты" ММ |
4 | "Жақсы ауданының Жаңа Қийма ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
5 | "Жақсы ауданының Запорожье ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
6 | "Жақсы ауданының Ешім ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
7 | "Жақсы ауданының Калинин ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
8 | "Жақсы ауданының Киев ауылы әкімінің аппараты" ММ |
9 | "Жақсы ауданының Қызылсай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
10 | "Жақсы ауданының Новокиенка ауылы әкімінің аппараты" ММ |
11 | "Жақсы ауданының Подгорное ауылы әкімінің аппараты" ММ |
12 | "Жақсы ауданының Тарасов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ |
13 | "Жақсы ауданының Терісаққан ауылы әкімінің аппараты" ММ |
14 | "Жақсы ауданының Чапай ауылы әкімінің аппараты" ММ |
Аббревиатураның транскрипциясы:
ММ-мемлекеттік мекеме.
