"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсызданыдыру, мәдениет, спорт және аголөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9946 болып тіркелген), Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2026 жылға арналған Жарқайың ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсептік кешен саласындағы мамандарға ауылдар, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік кызметшілеріне көрсетілсін:
1) жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алуға немесе салуға әлеуметтік қолдау айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
2. Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит, басшы лауазымдарды атқаратын, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне ұсынылмайды.
3. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Жарқайың аудандық мәслихатының төрағасы | А.Әлжанов |
