Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі Премьер-Министрі орынбасарының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру Қағидалары мен әдістемесінің негізінде, Біржан сал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2025 жылға Біржан сал ауданында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер бекітілсін.
2. Біржан сал ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Біржан сал ауданы әкімінің орынбасары О.Т. Ахметоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
| Аудан әкімі | Б. Қасенов |
| Біржан сал ауданы әкімдігінің 2025 жылғы " ___ " __________ № __________ қаулысымен бекітілген |
2025 жылға Біржан сал ауданында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге арналған ТАРИФТЕР
р/№ | мекеме түрі | бір қызмет алушыға шаққандағы тариф (теңгемен) |
1 | үйде қызмет көрсету | 3 167,5 теңге |
