"Жергілікті масштабтағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы"

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімінің 2025 жылғы 1 қазандағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48, 50-баптарына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды сыныптауды белгілеу туралы" бұйрығына, Ерейментау ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2025 жылғы 22 қыркүйектегі кезектен тыс отырысының №7 хаттамасына сәйкес, Ерейментау ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ауыз судың су құбыры желілерінде техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындауының алдын алу мақсатында 100-ден астам бірақ 500 адамнан аспайтын ауылдың тыныс-тіршілігінің бұзылуына әкеп соғу мүмкіндігіне байланысты, Ерейментау ауданының Күншалған ауылында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою мақсатында, оның ішінде Ерейментау қаласындағы тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде Ерейментау қаласында өрт сөндіру депосын жөндеу немесе салу мүмкіндігі қарастырылсын.

      3. Төтенше жағдайды жою жөніндегі басшы ретінде Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары Т.Б. Қарібжановқа тағайындалсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзімде қалдырамын.

      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Н.Мұқатов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады