"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, Егіндіқөл аудананың әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстардың түрлері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Қоғамдық жүмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. "Егіндіқөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бвғдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен әкімшілік жазаға тартылған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Егіндіқөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары Қ.Қ. Әбішке жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Аудан әкімі | Ю.Курушин |
| Егіндіқөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "19" қыркүйектегі № а-9/124 қаулысына 1-қосымша |
Қоғамдық жұмыстардың тізбесі мен түрлері
№ р/с | Қоғамдық жұмыстардың түрлері |
1 | Аумақтарды, көшелер мен алаңдарды абаттандыру, тазалау және көгалдандыру |
2 | Ағаштар мен бұталарды кесу, бұтақтарды кесу |
3 | Ағаштардың, бұталардың және гүл көшеттерінің көшеттерін отырғызу және арамшөптерден тазарту |
4 | Автобус аялдамаларыныңаумвқтарын абаттандыру және тазалау |
5 | Тротуарлар мен жолдарды абаттандыру кезіндегі қосалқыжұмыстар |
6 | Жолдарды абаттандыру элеменнтерін бояу |
7 | Жол техникасы үшін қол жетпейтін жерлерде жол төсемдерін тазалау |
8 | Спорт және балалар алаңдарын абаттандыру |
9 | Арнайы кәсіптік даярлықтықажет етпейтін жұмыстардың басқа түрлері |
10 | Агроөнеркәсіптік кешен және сауда кәсіпорындарындағы қосалқы жұмыстар |
| Егіндіқөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы "19" қыркүйектегі № а-9/124 қаулысына 1-қосымша |
Қоғамдық жұмыстардың орындалуға тиісті ұйымдардың тізбесі
№ р/с | Ұйымның атауы |
1 | "Егіндікөл ауданы әкімі аппараты" ММ |
2 | "Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы әкімі аппараты" ММ |
3 | "Егіндікөл ауданы Қоржынкөл ауылы әкімі аппараты" ММ |
4 | "Егіндікөл ауданы Абай ауылы әкімі аппараты" ММ |
5 | "Егіндікөл ауданы Спиридоновка ауылы әкімі аппараты" ММ |
6 | "Егіндікөл ауданы Буревестник ауылы әкімі аппараты" ММ |
7 | "Егіндікөл ауданы Жалманқұлақ ауылдық округі әкімніңі аппараты" ММ |
8 | "Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімі аппараты" ММ |
9 | "Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округі әкімі аппараты" ММ |
10 | "Егіндікөл ауданы Бауман ауылы әкімі аппараты" ММ |
