Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 11-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Егіндікөл ауданының Егіндікөл ауылы мен ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері, осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Егіндікөл аудандық мәслихатының төрағасы | Қ.Шынтеміров |
| Егіндікөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С35-5 шешіміне 1 қосымша |
Егіндікөл ауылындағы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
аймақ № | Түзету коэффициенттері | Бағалау аймақтарының шекаралары |
1 | 2 | 3 |
I -ж | 1,3 | Егіндікөл ауылының орталық бөлігінде орналасқан. Солтүстік жағында аймақтың шекарасы Медиков және Гагарина көшелері бойымен өтеді, шығыс жағынан - Пушкина көшесі бойымен, оңтүстік жағынан - Индыкөл көлімен шектеледі. Батысында - Стадионная көшесі бойымен Казахская көшесіне дейін өтеді және шығыс бағытында орталық аудандық аурухананың аумағын қоса ала өтеді, әрі қарай Зеленая көшесі бойымен оңтүстік бағытында Индыкөл көліне дейін жетеді. |
II-ж | 1,2 | Егіндікөл ауылының батыс бөлігінде орналасқан. Батыста аймақ Новочеркасск - Жантеке автожолымен шектеседі, солтүстігінде өндірістік аймақпен шектеседі және солтүстік шекарасымен шығыс бағытында Медиков көшесі бойымен Стадионная көшесінің бұрылысына дейін өтеді. Шығысында Стадионная көшесі бойымен оңтүстік бағыттағы Казахская көшесіне дейін, шығыс бағытында Казахская көшесі бойымен орталық аудандық ауруханаға дейін, орталық аудандық аурухана аумағының батыс және оңтүстік шекара арқылы өтеді, оңтүстік бағытта Зеленая көшесі бойымен өндірістік аймаққа дейін өтеді. Оңтүстік шекарасы Зеленая және Линейная көшелері арқылы өтеді. |
III-ж | 1,2 | Егіндікөл ауылының шығыс бөлігінде орналасқан. Батыс жағынан шекара Пушкина көшесі бойымен өтеді. Солтүстігінде - өндірістік аймақпен, оңтүстігінде - Индыкөл көлімен шектеседі. |
IV-ж | 1,1 | Егіндікөл ауылының солтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде - селитебтік тыс аумақпен шекараласады. Шығысында I тұрғын аймақпен шекараласып, Пушкина көшесінің бойымен Гагарина көшесіне дейін өтеді. Оңтүстігінде Гагарина және Медиков көшелерінің бойымен өтеді. Оңтүстік - батысында ІІ тұрғын аймақпен шекараласады және Новочеркасск - Жантеке автожолына өтеді. Батыс шекарасы Новочеркасск - Жантеке авто жолы арқылы өтеді. |
V-ж | 1,1 | Егіндікөл ауылының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде Линейная көшесі және Зеленая көшесі бойымен өтеді, шығысында Зеленая көшесінің жалғасы оңтүстік - шығыс бағытында автожол бойымен өндірістік аймаққа Индыкөл көліне дейін. Батысы мен оңтүстік - батысында Новочеркасск - Жантеке автожолымен шектеседі, оңтүстігінде селитебтік тыс аумақпен шектеседі және Новочеркасск - Жантеке автожолынан Индыкөл көліне дейін өтеді. |
VI -ж | 0,9 | Осы аймаққа Егіндікөл ауылы елді мекенінің сызығымен шектелген барлық селитебтік тыс аумақ кіреді. |
| Егіндікөл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С35-5 шешіміне 2 қосымша |
Егіндікөл ауданының ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
Аймақ № | Түзету коэффициенттері | Кадастрлық кварталдардың нөмірлері, аймаққа кіретін ауылдық елді мекендердің атауы ( ауылдық округтер бойынша) |
1 | 2 | 3 |
І | 1,6 | 01-007-008 Полтавский ауылы (Алакөл ауылдық округі) |
01-007-010 Спиридоновка ауылы (Спиридоновка ауылы) | ||
1,5 | 01-007-001 Бауманское ауылы (Бауманское ауылы) | |
01-007-012 Ұзынкөл ауылы (Ұзынкөл ауылдық округі) | ||
1,55 | аймақ бойынша орташа мәні | |
І I | 1.6 | 01-007-012 Буревестник ауылы (Буревестник ауылы) |
01-007-001 Қоржынкөл ауылы (Қоржынкөл ауылы) | ||
1.5 | 01-007-012 Тоғанас ауылы (Ұзынкөл ауылдық округі) | |
01-007-008 Көркем ауылы (Алакөл ауылдық округі) | ||
1.55 | аймақ бойынша орташа мәні | |
ІІI | 1.1 | 01-007-010 Абай ауылы (Абай ауылы) |
0.9 | 01-007-006 Жалманқұлақ ауылы (Жалманқұлақ ауылдық округі) | |
0.8 | 01-007-006 Жұлдыз ауылы (Жалманқұлақ ауылдық округі) | |
0.93 | аймақ бойынша орташа мәні |
