"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 74-бабының 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығының, "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" 49-тармағының, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының негізінде", Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген Бұланды ауданының коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу қағидасы бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихат төрағасының міндетін атқарушы | А.Кенжеғалиев |
| Бұланды аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 қазандағы № 8С-33/5 шешіміне қосымша |
Бұланды ауданының коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу қағидасы
1. Осы Бұланды ауданының коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 49-тармағына сәйкес әзірленген және Бұланды ауданының коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалға алу төлемінің есептік мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтайды.
2. Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу осы Ережелерге қосымшаға сәйкес базалық мөлшерлемелер мен объектілердің функционалдық мақсаты, коммерциялық жылжымайтын мүліктің ауқымы мен қызмет түрлері, тұрғын емес үй-жайдың түрі, жайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескеріліп қолданылатын коэффициенттер мөлшері негізінде айқындалады және мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Жа = Бме х S х Кфм х Ктеүт х Кжд х Ко х Кқт х Кұқн, мұнда:
Жа – мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін бір жылға жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Бме – 1 шаршы метр үшін жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі, бір жылға теңгемен;
S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;
Кфм – объектілердің функционалдық мақсаты, коммерциялық жылжымайтын мүліктің ауқымы мен қызмет түрлері ескерілетін коэффициент;
Ктеүт – тұрғын емес үй-жайдың түрі ескерілетін коэффициент;
Кжд – жайлылық деңгейі ескерілетін коэффициент;
Ко – аумақтық орналасуы ескерілетін коэффициент;
Кқт – жалдаушы қызметінің түрі ескерілетін коэффициент;
Кұқн – жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициент.
Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға) беру кезінде жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Жа = Қ х Nam/100 х Кт, мұнда:
Жа – жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін бір жылға жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Қ – бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша жабдықтың қалдық құны.
Тозуы 100 пайыз есептелген жабдықты, көлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
Nam – "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 271-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
Кт – төмендету коэффициенті (жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар алпыс пайыздан аса тозған кезде – 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметін қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін беру кезінде – 0,5 мөлшерінде қолданылады).
Мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа да тұтынылмайтын заттарды сағатына есептеп мүліктік жалдауға (жалға) беру кезінде жалдау ақысын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Жс=Жа/12 /К/24,мұнда:
Жс – мемлекеттік тұрғын емес қор объектілері, мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін бір сағатқа жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Жа –мемлекеттік тұрғын емес қор объектілері, мемлекеттік заңды тұлғалардың балансындағы жабдықтар, көлік құралдары және басқа да тұтынылмайтын заттар үшін бір жылға жалдау ақысының мөлшерлемесі;
К – объектілерді мүліктік жалдауға беру жүзеге асырылатын айдағы күндер саны.
Ғимараттағы үй-жайлардың бір бөлігінің жалдау ақысын есептеу кезінде жалға алушының мүліктік жалдауға (жалға) берілетін алаңның 25% мөлшерінде осы алаңдардың жалпы пайдаланымдағы орындарға қол жеткізуі ескерілуі қажет.
Мемлекеттік заңды тұлғалардың түскі ас залдары бар қоғамдық тамақтандыру пункттерін мүліктік жалдауға (жалға) беру кезінде жалдау есептемесіне ас блогының алаңы және қосалқы үй-жайлар қосылады, себебі түскі ас залдарының алаңы мүліктік жалдауға берілмейді.
Жалдаушы мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында және техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыруды (асхана, буфет) ұйымдастыру жөніндегі қызметтер көрсеткен кезде мүліктік жалдауға (жалға) берілетін үй-жайлардың жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу бір оқу жылы үшін жүргізіледі.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларға тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасқан өнім беруші жазбаша өтініш берген кезде, мүліктік жалдауға (жалға) берілетін мемлекеттік орта білім беру заңды тұлғаларындағы үй-жайлардың жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу оқу жылы үшін жүргізіледі.
| Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына қосымша |
Ғимараттың түрі, тұрғын емес үй-жайдың түрі, жайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалға алушы қызметінің түрі, жалға алушының ұйымдық-құқықтық нысаны есепке алынатын базалық мөлшерлеме және қолданылатын коэффициенттердің мөлшері
№ | Базалық мөлшерлеме | 1,5 айлық есептік көрсеткіш |
Коэфицеттер түрі | Коэффициенттің мөлшері | |
1 | Коммерциялық жылжымайтын мүліктің (Кжм) функционалдық мақсаты, ауқымы мен қызмет түрлері есепке алынатын коэффициент: | |
1.1 әкімшілік-кеңсе үй-жайы | 1 | |
1.2 өндірістік бөлме | 0,8 | |
1.3 қойма үй-жайлары (гараж, қазандық) | 0,6 | |
1.4 спорт ғимараттары (стадиондар, спорт залдары, спорт алаңдары) | 0,7 | |
1.5. өзге де жылжымайтын мүлік түрлері (сауда үй-жайлары, мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану пункттері, тұрмыстық қызмет көрсету пункттері, қызмет көрсету орындары, қонақ үйлер, демалыс үйлері, паркингтер және т.б.) | 0,9 | |
2 | Тұрғын емес үй-жайлардың түрі есепке алынатын коэффициент (Жк) | |
2.1 жеке тұрған ғимарат | 1 | |
2.2 жапсарлас-жанаса салынған үй-жайлар мен жер үсті қабаттарындағы үй-жайлар (алаңдар). | 0,9 | |
2.3 бірінші қабат (жартылай жертөле) қабаты | 0,7 | |
2.4 жертөле қабаты | 0,6 | |
2.5 өзге де (шатыр, шатырдың асты, тамбур, лоджия, ашық спорт ғимараттары және т.б.) | 0,7 | |
3 | Жайлылық дәрежесі есепке алынатын коэффициент (Кжд) | |
3.1 электрмен жабдықтау және коммуникациялары (электр энергиясы, кәріз, сумен жабдықтау, жылу беру) бар үй-жайлар үшін кез келген коммуникациялар түрі болмаған кезде әрбір түрі үшін 0,1-ге азайтылады | 1 | |
4 | Аумақтық орналасуын есепке алатын коэффициент (Кр): | |
4.1 аудан орталығы үшін | 1 | |
4.2 қала, ауыл | 0,5 | |
5 | Жалдаушы қызметінің түрі есепке алынатын коэффициент (Кжқ): | |
5.1 банктердің, Ұлттық пошта операторының есеп айырысу-кассалық орталықтары, банкоматтар, төлем терминалдары (мульти-кассалар) үшін (қолжетімділігі шектеулі мемлекеттік заңды тұлғалардың ғимараттарында 0,5 төмендету коэффициенті қолданылады) | 2,5 | |
5.2 брокерлік қызмет және кедендік қызметтер көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін | 3 | |
5.3 сауда, қонақ үй қызметтерін ұйымдастыру, сауда автоматтары үшін | 2,5 | |
5.4 Қылмыстық атқару жүйесі ғимараттарында және оқу орындарының жатақханаларында сауданы ұйымдастыруға | 1,9 | |
5.5. қоғамдық тамақтандыруды (асхана, буфет), оның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет және спорт объектілерінде ұйымдастыру үшін | 1,5 | |
5.6 ғылым және жоғары білім, орта және қосымша білім, мектепке дейінгі білім беру саласындағы қызметтерді ұйымдастыру үшін | 1,1 0,9 0,8 | |
5.7 денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласында көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру үшін | 1 | |
5.8 ұялы байланыс, интернет желісі саласында көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру үшін (телекоммуникациялық жабдықты орналастыру және т.б.). | 5 | |
5.9 өткізу жүйесі бар (қол жеткізілуі шектеулі) мемлекеттік заңды тұлғалардың ғимараттарында тұрмыстық қызмет көрсететін қызметкерлерді тамақтандыруды ұйымдастыру үшін | 0,5 | |
5.10 Білім беру ұйымдарында (мектептер, гимназиялар, лицейлер, колледждер және спорт мектептері) және оқу орындарының жатақханаларында қоғамдық тамақтандыруды (асхана, буфет) ұйымдастыру үшін | 0,5 | |
5.11 5.1-5.10-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, өзге де қызмет түрлері үшін | 1,9 | |
6 | Жұмыс берушінің ұйымдық-құқықтық нысаны есепке алынатын коэффициент (Кұқн): | |
6.1 сауда және делдалдық қызметті қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін | 0,9 | |
6.2 мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін | 0,8 | |
6.3 қайырымдылық және қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар үшін | 0,5 | |
6.4 басқалар үшін | 1 |
