Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бұланды ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 сәуірдегі № А-04/134 "Бұланды ауданының тұрғын үй қорын жаңғыртудың 2025-0360 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс еңгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Бұланды ауданындағы тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы (бұдан әрі –Бағдарлама) Қазақстан Республикасы үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрлымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжарымдамасы негізінде әзірленді"
3-тармақтын 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) ғимаратты (тұрғын үйді) қайта жаңарту-сақтауға жатпайтын не ғимаратты (тұрғын үйді) моральдық және физикалық тозуын жою мақсатында бұзу жолымен қалпына келтіру үшін ұтымсыз ғимаратты ауыстыру процесі.
Ғимаратты қайта жаңарту пайдалану қасиеттерінің сәйкестігі (техникалық тексеру жүргізу), пайдаланудың нормативтік мерзімдері анықталғаннан және тұрғындардың қайта жаңартуға келісімін алғаннан кейін жүргізіледі.Тұрғын үйді жаңарту процесі - бұл мерзімін жаңа,заманауи талаптарды ескере отырып салынған ғимараттарды ауыстыру процесі.Қайта жаңарту тозығы жеткен немесе авариялық тұрғын үймен қамтылған аумақта да,бос жер учаскелерінде де,оның ішінде қолданыстағы учаскелер алып қоюға жататын немесе құрылыс салу үшін орынсыз болған жағдайларда да жүзеге асырылуы мүмкін".
13 – тармақ жаңа редакцияға жазылсын:
"13. Бағдарламаны іске асыру Бұланды ауданында уәкілетті ұймның бастамасы бойынша,әкім аппаратының ұсыныстары бойынша,Бұланды ауданы,жаңарту обьктілері иелерінің ұжымдық өтініштерібойынша,сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де негіздер бойынша көзделген.
Қайта жаңарту тозығы жеткен және авариялық тұрғын үймен қамтылған аумақта да,бос жер учаскелерінде де,оның ішінде қолданыстағы учаскелер алып қоюға жататын немесе құрылыс салу үшін орынсыз блған жағдайларда жа жүзеге асаырылуы мүммкін".
15-тармақ жаңа редакцияға жазылсын:
"15. Комиссияның тандаған жер учаскесінде жаңартуды,оның ерекшеліктерін,тәуекелдерін және қала құрылысы жағдайларын есептеуді ескере отырып,жаңартуды жүргізу туралы оң шешім болған кезде обьект жаңарт жобасы ретінде құралуға жатады.Жаңарту жобасы ретінде жаңа (бос) жер учаскесінің құрылысы,бастапқы алаңда мүмкін болмаған немесе орынсыз болған жағдайда қарастырылуы мүмкін."
15.1-тармағымен толықтырылсын:
"15.1. Бос жер учаскелерін жаңарту тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, іске асыру мерзімдерін жеделдету, логистикалық және инженерлік шешімдерді оңтайландыру мақсатында, сондай-ақ авариялық тұрғын үй қоры немесе төтенше жағдайлар қаупі болған кезде аумақты кешенді игеру шеңберінде көзделуі мүмкін."
22.1-тармақпен толықтырылсын:
"22.1. Егер жөндеу бағдарламасын іске асыру шеңберінде жаңа көппәтерлі тұрғын үй салу қолданыстағы ескі тұрғын үй орнында мүмкін болмаса (мысалы, су тасқыны қаупі, тығыз құрылыс салу, инженерлік шектеулер немесе қала құрылысы нормаларына сәйкес келмеу себебінен), құрылыс Уәкілетті ұйым айқындаған жаңа жер учаскесінде жүзеге асырылады.
Бағдарламаға енгізілген тозығы жеткен тұрғын үйлердің меншік иелері мұндай жағдайда айырбастау шартында (баламалы өтемақы) немесе заңнамада көзделген өзге де тетікте көзделген талаптарда өз объектілерін (тұрғын үй және жер учаскесін) уәкілетті ұйымға береді."
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
А.Смайылов |