Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атбасар аудандық мәслихатының "Aтбасар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 17 қарашадағы № 8С 9/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8650-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Әлеуметтік көмек өтініш бойынша, толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарының біріне кірістері есепке алынбай көрсетіледі:
1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі үш айдан кешіктірмей бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшеріне дейін;
2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі үш айдан кешіктірмей бір рет 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткішке шекті мөлшеріне дейін;
3) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, қатерлі ісіктер, бірінші типті қант диабеті) бар адамдарға (отбасыларға) аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) амбулаториялық емдеудегі белсенді түрдегі туберкулез ауруы бар адамдарға ай сайын 6 ай бойы 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
5) диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруды жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;
6) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, босатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
7) Қазақстан Республикасының колледждерінде күндізгі нысан бойынша ақылы негізде оқитын жиырма үш жасқа дейінгі мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу орнынан анықтама негізінде жылына 1 рет оқу құнының 100 (жүз) пайызы мөлшерінде;
8) Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының 5, 6, 7 - баптарында және 8 баптың 3) тармақшасында көрсетілген адамдарға төлем туралы құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасының шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың және санаторийге, госпитальге екі жаққа жол жүру құнын өтеуге жылына 1 рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;
9) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтер үшін шығындарына ай сайын 100 (жүз) пайыз мөлшерінде;
10) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдарға жылына 1 рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
11) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне коммуналдық қызметтер үшін шығыстарына арыз талап етілместен, жылына 1 рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
12) абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
13) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне Қазақстан Республикасының шегінде тіс протездеу құнын өтеу туралы құжаттардың негізінде жылына 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атбасар аудандық мәслихатының төрағасы | Н.Рахимов |