Атбасар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № а-6/133 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атбасар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы осы қаулының 1-5 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.

      2. Қоса берілген Атбасар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Куатбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К.Әлімжанов

 
  Атбасар ауданы әкімдігінің
04.06.2025 жылғы
№ а-6/133 қаулысына
№ 1 қосымша

"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Полтавка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нің Титовка ауылынан Полтавка ауылына автобустың жүру маршрутының схемасы



 
  Атбасар ауданы әкімдігінің
04.06.2025 жылғы
№ а-6/133 қаулысына
№ 2 қосымша

"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Тимашевка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ Магдалиновка ауылынан Тимашевка ауылына оқушыларды тасымалдау үшін автобус маршрутының қауіпсіздік сызбасы



 
  Атбасар ауданы әкімдігінің
04.06.2025 жылғы
№ а-6/133 қаулысына
№ 3 қосымша

Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі КММ-нің Қаракөл ауылынан және Хрящевка ауылынан оқушыларды тасымалдауға арналған автобус маршрутының қауіпсіздік схемасы



 
  Атбасар ауданы әкімдігінің
04.06.2025 жылғы
№ а-6/133 қаулысына
№ 4 қосымша

Қаракөл ауылынан және Поповка ауылынан Тельман ауылына "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Тельман ауылының жалпы орта білім беретін мектебі КММ автобус маршрутының жүру схемасы



 
  Атбасар ауданы әкімдігінің
04.06.2025 жылғы
№а-6/133 қаулысына
№ 5 қосымша

Макеев ауылынан "Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы ортабілім беретін мектебі" "Үй-мектеп-үй" КММ-не оқушылардың жол жүру маршруты қауіпсіздігінің жоспар-схемасы



 
  Атбасар ауданы әкімдігінің
2025 жылғы ""
№ қаулысына
6-қосымша

Атбасар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі

      1. Атбасар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Тасымалдаушы білім беру ұйымы болып табылады.

      3. Тасымалдаулар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11550 болып тіркелген) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады