БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әскери басқару органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9918 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери басқару органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әскери басқару органы қауіпсіздік шараларын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдерінде, құрамаларында немесе мемлекеттік мекемелерінде (бұдан әрі – әскери бөлімдер мен мекемелер) әскери қызмет өткеру және жұмыс ерекшелігін ескеріп, "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген қауіпсіздік шараларын қолдану арқылы әскери қызметшілерге, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери бөлімдерінің, құрамаларының немесе мемлекеттік мекемелерінің азаматтық персонал адамдарына қатысты қолданады.
Одан басқа, қорғалатын адамға қатысты қорғалатын адамды жаңа әскери қызмет орнына әскери бөлім мен мекемеге ауыстыру, әскерге шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіні ауыстыру (іссапарға жіберу) түрінде қауіпсіздік шаралары да қолданылады.".
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник |
Р. Жақсылықов |