Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің және оның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының 2025 жылғы 7 қарашадағы № 6001-25-7-7/84 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің және оның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің және оның қарамағындағы аумақтық бөлімшелерінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі басшысының 2023 жылғы 15 тамыздағы № 6001-23-7-6/401 бұйрығының күші жойылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Сот әкімшілігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Персоналды басқару бөліміне (кадр қызметіне) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Басшы Н. Ахметзакиров

  Қазақстан Республикасы
Сот әкімшілігінің
2025 жылғы 7 қарашадағы
№ 6001-25-7-7/84 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің және оның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің және оның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелерінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік тәртібін айқындайды.

      2. Осы Әдістемеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) басшылық лауазым өзіне бағынышты бөлімшенің немесе жекелеген қызметшілердің қызметін ұйымдастыруға өкілеттіктер берілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымы;

      2) тікелей басшы мемлекеттік лауазымы бойынша жоғары тұрған, мемлекеттік қызметші өзінің лауазымдық нұсқаулығына сәйкес оған тікелей бағынысты болатын адам;

      3) құрылымдық бөлімшенің (мемлекеттік органның) басшысы В-1, В-3 (дербес құрылымдық бөлімшелердің басшылары), C-O-1, С-О-4, C-R-1 санаттарының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісі;

      4) бағалаушы адам тікелей басшы және (немесе) құрылымдық бөлімшенің (мемлекеттік органның) басшысы;

      5) бағаланатын адам өзіне қатысты бағалау жүргізілетін адам;

      6) калибрлеу сессиялары бағаланатын адамдардың қызметін бағалау нәтижелерін талқылау, ықтимал түзету және бекіту үшін бағалаушы адамдардың кездесулері;

      7) бағаланатын кезең мемлекеттік қызметшінің жұмыс нәтижелерін бағалау кезеңі.

      3. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі бағалау) олардың жұмысының тиімділігі мен сапасын анықтау үшін "Е-қызмет" ықпалдастырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі ақпараттық жүйе) арқылы жүргізіледі.

      Бағалауды бағалаушы адам болмаған жағдайда, оны алмастырушы адам жүргізеді.

      Іссапарға жіберілген адамдарды бағалау қабылдаушы мемлекеттік органмен іссапарда болу кезеңі үшін жүргізіледі.

      4. Бағалау тоқсан қорытындысы бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Қорытынды баға күнтізбелік жылдың есепті тоқсандары бойынша "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің орташа бағасы негізінде ақпараттық жүйеде автоматты түрде қалыптастырылады.

      Қорытынды баға есепті жылдан кейінгі жылдың 30 қаңтарынан кешіктірілмей қалыптастырылады.

      5. Егер бағаланатын қызметшінің бағаланатын кезеңде нақты лауазымда болу мерзімі бағаланатын лауазымға тағайындалған күннен бастап бір айдан кем болған жағдайда, оған бағалау жүргізілмейді.

      Бұл ретте бағаланатын кезең бағаланатын адам нақты жұмыс істеген кемінде он бес жұмыс күнін қамтуға тиіс.

      6. Бағалау кезеңі аяқталғанға дейін мемлекеттік органнан жұмыстан шығарылған қызметшілерді бағалау олардың қатысуынсыз осы Әдістеменің 4-тармақта көрсетілген мерзімде жүргізіледі.

      7. Бағалау нәтижелері мынадай грация бойынша қойылады:

      "Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады";

      "Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады";

      "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады";

      "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады" (қанағаттанарлықсыз баға).

      "Функционалдық міндеттерін тиімді атқарады" нәтижесіне 4-тен

      5 баллға дейін,

      "Функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады" нәтижесіне 3-тен

      3,99 баллға дейін,

      "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады"

      нәтижесіне 2-ден 2,99 баллға дейін,

      "Функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады"

      нәтижесіне 0-ден 1,99 баллға дейінгі бағалар диапазоны сәйкес келеді.

      8. Бағалауды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді Персоналды басқару бөлімі (кадр қызметі) (бұдан әрі Персоналды басқару бөлімі), оның ішінде ақпараттық жүйе арқылы қамтамасыз етеді.

      9. Бағаланатын қызметші өзінің бағалау нәтижелерін ақпараттық жүйеде, сондай-ақ "Е-қызмет" мобильді қосымша арқылы алады.

      Жұмыстан босатылған адамдарды таныстыру, есепті тоқсаннан кейінгі айдың ішінде, соңғы белгілі мекенжай бойынша таныстыру тапсырылғаны туралы хабарламасы бар тапсырыс хатты және (немесе) телефонограмманы және (немесе) жеделхатты және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабарды жіберу арқылы не хабарламаны немесе шақыруды тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылады.

      10. Бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметші бағалау нәтижелерімен танысқан күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды адамға калибрлеу сессиясын өткізу жөнінде еркін нысанда тиісті өтінішпен жүгінеді.

      11. Мемлекеттік қызметші калибрлеу сессиясның шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекспен белгіленген тәртіпте шағымдана алады.

      12. Бағалаумен байланысты құжаттар бағалау аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде Персоналды басқару бөлімінде, сондай-ақ техникалық мүмкіндік болған кезде ақпараттық жүйеде сақталады.

      13. Бағалау нәтижелері құпия ақпарат болып табылады және мемлекеттік орган аталған ақпаратты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ашуға міндетті жағдайларды қоспағанда, үшінші адамдарға жария етуге жатпайды.

      14. Бағалау рәсіміне байланысты келіспеушіліктерді персоналды басқару бөлімі бағалаушы тұлғаның, бағаланатын адамның және өзге де мүдделі тұлғалардың қатысуымен қарайды.

      15. Персоналды басқару бөлімінің басшысы мыналарға жауапты болады:

      1) коммуникациялық хабарламаларды дайындау, бағалау процесіне қатысушыларға консультация жүргізуді қосқанда, бағалау процесін ұйымдастыру мен сүйемелдеу;

      2) қажет болған жағдайда бағалаушы мен бағаланатын адамдардың кездесуіне қатысу, қызметті бағалау процесінің мәселелері бойынша консультация беру жолымен даулы мәселелерді шешуге көмектесу;

      3) калибрлеу сессияларына дайындық шеңберінде әр бағаланатын тұлға бойынша ақпарат дайындауды қоса алғанда, калибрлеу сессиясын өткізу;

      4) есепті кезең ішінде олардың қызметін бағалау шеңберінде қажетті құжаттарды толтыру толықтығы мен уақтылы орындалуын, қызметкерлердің қызметіне бағалау жүргізу шеңберінде қызметкерге тиісті хабарламалар жіберу, қажетті есептік жазбаларды жүргізу.

2 тарау. Бағалау тәртібі

      16. В-1, В-3 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары), C-O-1, C-R-1, С-О-4 санаттарының қызметшілерін бағалау тікелей басшымен осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      Басшы лауазымдардағы қызметшілерді бағалау, осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда, осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылымдық бөлімшенің (мемлекеттік органның) басшысы жүзеге асырады.

      Өзге тұлғаларды бағалау құрылымдық бөлімшенің (мемлекеттік органның) басшысымен осы Үлгілік әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.

      17. Бағалаушы адамға бағалау парағы персоналды басқару бөлімімен ақпараттық жүйе арқылы жіберіледі.

      Бағалаушы адаммен 0-ден 5-ке дейінгі баға қойылады. Егер бағаланатын адамдардың саны жиырма адамнан асқан жағдайда,бағалауды бағалаушы адам айқындайтын "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері де жүзеге асырады.

3 тарау. Калибрлеу сессияларын өткізу және кері байланыс ұсыну тәртібі

      18. Бағалау процесінің бірыңғай тәсілін келісу және оны сақтау мақсатында мемлекеттік органдар осы Әдістеменің 10-тармағында көзделген тәртіппен калибрлеу сессияларын өткізеді.

      19. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам қызметшінің жолданымы келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде калибрлеу сессиясын өткізу туралы шешім қабылдайды және оның құрамын бекітеді.

      Калибрлеу сессиясының құрамы мүшелердің тақ санынан тұрады. Калибрлеу сессиясы мүшелерінің саны үштен кем болмауы тиіс.

      Нақты калибрлеу сессиясының құрамына бағамен келіспейтін адам, сондай-ақ оны бағалаған адам кірмейді.

      Калибрлеу сессиясы мүшелерінің құрамына бағалаушы адамдар (бағалауы калибрлеу сессиясында қаралуға жататын адамды қоспағанда), сондай-ақ Персоналды басқару бөлімінің қызметкері кіреді.

      20. Калибрлеу сессиясы қызметші жүгінген күннен бастап он жұмыс күн ішінде осы Әдістеменің 10-тармағында көзделген тәртіппен өткізіледі.

      21. Персоналды басқару бөлімі калибрлеу сессиясының жұмысын ұйымдастырады.

      22. Калибрлеу сессиясында бағалаушы адам бағаланатын адамның жұмысын қысқаша сипаттайды және өзінің бағалауына дәлел келтіреді.

      Бағаланатын адам калибрлеу сессиясының мүшелеріне жазбаша немесе ауызша нысанда бағалауға өзінің келіспейтіндігін дәлелдеуге құқылы.

      Калибрлеу сессиясының мүшелері бағалаушы адамның бағасын қолдауы немесе бағалауға түзетулер енгізу үшін дәлелдер келтіруі мүмкін.

      Калибрлеу сессиясының қатысушылары бағалаушы адамның бағалауын қолдауы немесе бағалауды түзету үшін дәлелдер келтіруі мүмкін.

      Бағалауды түзету жоғарылату жағына қарай да, төмендету жағына қарай да жүзеге асырылады.

      Қорытынды бағалау калибрлеу сессиясы қатысушыларының көпшілік дауысымен қабылданады және тиісті хаттамамен ресімделеді. Персоналды басқару бөлімі хаттамаға қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде оны ақпараттық жүйеде (техникалық мүмкіндік болған жағдайда) орналастыруды қамтамасыз етеді.

      23. Калибрлеу сессиясының нәтижелері бойынша бағалаушы адам бағаланатын қызметшімен кездесу өткізеді және қорытынды бағалау нәтижесі туралы кері байланыс ұсынады.

      Кездесу кезінде мынадай мәселелер:

      бағаланатын кезеңдегі жетістіктерге шолу;

      дағдылар мен құзыреттердің дамуына шолу;

      бағаланатын адамның шолу және мансаптық ұмтылыстары талқыланады.

      Бағалаушы адам кездесу кезінде ашық және достық қалыптағы диалогты қамтамасыз етеді.

  "Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың Үлгілік
әдістемесіне 1-қосымша
Нысан

Басшы лауазымды атқаратын адамның бағалау парағы

      (Бағаланатын адамның Т.А.Ә. (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта

      көрсетілсе), мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы)

      __________________________________________________________________

      (Бағаланатын кезең)

      __________________________________________________________________

      (Бағалаушы қызметшінің Т.А.Ә. (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта

      көрсетілсе), мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы)

      __________________________________________________________________

      "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі

      бағалау) мақсатында Сізге өз әріптестеріңізді 5 баллдық шкала бойынша бағалауды

      ұсынамыз.

      Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек.

      Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет.

      Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстылығын арттыра

      аласыз.

Параметрлер

Бағалау (0-ден* 5 баллға дейін)

Түсініктеме (қалау бойынша)

Толтыру кезінде түсініктеме

1. Жетекшілік ететін бөлімшелерде (жетекшілік ететін қызметшілердің) міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз ету



Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесімен (бұдан әрі бағалау жүйесі) белгіленген:
- жетекшілік ететін бөлімшелердегі міндеттер мен тапсырмаларды сапалы орындау;
- осы параметр бойынша негізделген ескертулердің, қайтарулардың, шағымдардың немесе осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер есепке алынады.

2. Жетекшілік ететін бөлімшелерде (жетекшілік ететін қызметшілердің) міндеттердің орындалу мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету



Бағалау жүйесімен белгіленген:
- орындаудың жеделдігі;
- осы параметр бойынша құжаттарды, тапсырмаларды, міндеттерді орындау мерзімдерінің бұзылмауы немесе осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер есепке алынады.

3. Көшбасшылық және шешім қабылдау дағдылары



Бағалау жүйесімен белгіленген:
- команданы басқаруды және командалық нәтиже үшін жауапкершілікті өз мойнына ала білу;
- мақсаттар мен міндеттерді нақты белгілей білу;
- жеке мысал арқылы тиімді қарым-қатынас және оң командалық климат құру арқылы команданы ынталандыру мүмкіндігі;
- белгісіздік жағдайында тиімді әрекет ете білу;
- ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, міндеттерді шешудің бірнеше нұсқаларын ұсына білу;
- бағалау жүйесінде көзделген осы параметр бойынша өзге де фактілер есепке алынады.

4. Бағалаушы адамның еңбек тәртібін сақтауы



Бағалау жүйесімен белгіленген:
- кешігудің болмауы;
- себепсіз жұмыстан мерзімінен бұрын шығудың болмауы;
- қызметтік әдеп бұзушылықтардың болмауы;
- ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау;
- мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау;
- мемлекеттік органның ережесін сақтау немесе бағалау жүйесінде көзделген осы параметр бойынша өзге де фактілер есепке алынады.

5. Тәртіптік жазалардың болмауы



Бағаланатын тоқсанда қолданылған тәртіптік жаза ескеріледі.
Тәртіптік жаза болған жағдайда:
- ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс үшін баға 2,99 баллдан аспауы керек;
- жазаның өзге де түрлері түрінде, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтары үшін баға 1,99 баллдан аспауы тиіс.

Орташа қорытынды баға




      Ескертпе: Орташа қорытынды бағаны есептеу үшін қойылған бағалар сомасын бағаланатын параметрлер санына бөлу керек.

      * Бағалаудың 0 баллы қызметші бағалау параметрін толық орындамаған жағдайда қойылады.

      Бағалау нәтижесі: ____________ (функционалдық міндеттерін тиімді атқарады, функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады.

      Қызметшінің бағалау нәтижесі орташа қорытынды бағаның негізінде қойылады.

      Қолы ________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәләндырылған)

      Күні _________________

  "Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалаудың Үлгілік
әдістемесіне 2-қосымша
  Нысан

Басшы лауазымды атқармайтын адамның бағалау парағы

      (Бағаланатын адамның Т.А.Ә. (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта

      көрсетілсе), мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы)

      ______________________________________________________________________

      (Бағаланатын кезең)

      ______________________________________________________________________

      (Бағалаушы қызметшінің Т.А.Ә. (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта

      көрсетілсе), мемлекеттік органды көрсете отырып лауазымы)

      ______________________________________________________________________

      "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі –

      бағалау) мақсатында Сізге өз әріптестеріңізді 5 баллдық шкала бойынша бағалауды

      ұсынамыз.

      Бағаларды объективті түрде, жеке ұнатуларсыз/ұнатпауларсыз қою керек.

      Сауалнаманы басынан аяғына дейін алаңдамай толтыру қажет.

      Осылайша, Сіз уақытты үнемдей аласыз және нәтижелердің дұрыстылығын арттыра

      аласыз.

Параметрлер

Бағалау (0*-ден 5 баллға дейін)

Түсініктеме (қалау бойынша)

Толтыру кезінде түсініктеме

1. Функционалдық міндеттерді орындау сапасы



Осы параметр бойынша негізделген ескертулердің, қайтарулардың, шағымдардың немесе осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесіне сәйкес өзге де кемшіліктердің болмауы.

2. Міндеттерді орындау мерзімдерін сақтау



- осы параметр бойынша құжаттарды, тапсырмаларды, міндеттерді орындау мерзімдерінің бұзылмауы немесе осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер есепке алынады.

3. Дербестік және бастамашылдық



- қызметшінің функционалдық міндеттерін жоғары деңгейде дербес орындай алуы;
- жетекшілік ететін қызмет саласын жақсартуға бағытталған тәсілдерді, ұсыныстарды пысықтаудағы бастамашылдық;
- жетекшілік ететін міндеттерді шешуге қатысу және белсенділігі;
- осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер есепке алынады.

4. Еңбек тәртібін сақтау



- кешігудің болмауы;
- себепсіз жұмыстан мерзімінен бұрын шығудың болмауы;
- қызметтік әдеп бұзушылықтардың болмауы;
- ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау;
- мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау;
- мемлекеттік органның ережесін сақталуы немесе осы параметр бойынша мемлекеттік органның әдістемесінде айқындалған өзге де фактілер есепке алынады.

5. Тәртіптік жазалардың болмауы



Бағаланатын тоқсанда қолданылған тәртіптік жаза ескеріледі. Тәртіптік жаза болған жағдайда:
- ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс үшін баға 2,99 баллдан аспауы керек;
- жазаның өзге де түрлері түрінде, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтары үшін баға 1,99 баллдан аспауы тиіс.

Орташа қорытынды баға




      Ескертпе: Орташа қорытынды бағаны есептеу үшін қойылған бағалар сомасын бағаланатын параметрлер санына бөлу керек.

      * Бағалаудың 0 баллы қызметші бағалау параметрін толық орындамаған жағдайда қойылады.

      Бағалау нәтижесі: ____________ (функционалдық міндеттерін тиімді атқарады, функционалдық міндеттерін тиісті түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлық түрде атқарады, функционалдық міндеттерін қанағаттанарлықсыз түрде атқарады).

      Қызметшінің бағалау нәтижесі орташа қорытынды бағаның негізінде қойылады.

      Қолы ______________________________________________

      (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәләндырылған)

      Күні _________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады